Central AsianResearch Index

ЖАРЫС КЕЗІНДЕ ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ-ТАКТИКАЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ

Бұл мақалада жоғары дәрежелі волейболшылардың ойындағы қызметіне объективті баға беру үшін өткізілетін жарыстардағы техникалық әрекеттерін есепке алудың ұтымды нұсқасын қарастырдық. Мұндай бағалау спортшылардың өзін-өзі қайрап, ынталандыруға және жаттықтырушыға оқу-жаттығу үдерісіне өзгерістер енгізуге аса қажет. Бұл бағытта ойын әрекеттерін жазудың әртүрлі әдістерін (графикалық, мәтіндік жазу және диктофон, бейнекамера) қолдануға болатындығын зерделедік. Қазіргі уақытта кеңінен қолданылатын бейнежазба жаттықтырушыға және ойыншыларға ойынның негізгі сәттерін қайта көруге, ойын техникасы мен тактикасындағы қателіктерге назар аударуға мүмкіндік береді. Техникалық әрекеттердің көлемі мен тиімділігін анықтау үшін стенографиялық жазба команда ойыншыларының барлық әрекеттері тіркелген кезде қолайлы болады. Біз ұсынған волейболшының техникалық әрекеттерін бағалау картасы жеке техникалық әдістердің саны мен сапасын анықтау үшін жаттықтырушыға техникалық-тактикалық және дене дайындықтағы кемшіліктерді жою бойынша жұмысты дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, карта спортшылармен жұмыс жасауда маңызды психологиялық фактор бола алады. Ұсынылған картаның артықшылығы мен кемшілігі жан-жақты қарастырылады.

Сведения

Опубликовано
2022 · № 5, С. 48-57
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP