Central AsianResearch Index

ЭКОНОМИКАЛЫҚ САНА МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙЛАУ: ӨЗАРА БАЙЛАНЫС ДИАЛЕКТИКАСЫ

Экономикалық сана – қоғамдық сананың жүйелі құрамдас бөлігі, әлеуметтік тұрғыдан қалыптасқан адамның экономикалық қатынастарының психикалық көрінісінің жоғары деңгейі. Қоғамдық сананың ішкі жүйесіне психологтар мен әлеуметтанушылар экономикалық санаға жете көңіл аударған жоқ, тіпті сана құрылымын талдаған кезде де оған тоқталып жатқандар жоқтың қасы болды. Осының салдарынан қоғамдық сананың түрлері, оның ішінде экономикалық сана тақырыбында тіл білімінде, гуманитарлық салаларда теориялық дефицит пайда болды. Осы жағдайды ескере отырып, бүгінгі күні біз, пайда болған дефициттің орнын толтыруымыз қажет. Оның өзіндік бірнеше себептері бар: біріншіден, тарихи үдерістегі экономикалық қызметтің қарқыны мен сипатының өзгеруі экономикалық сананың өзгеруіне, жаңа тәуелсіз сананың қалыптасуына әкеледі. Екіншіден, қоғамдық сананың ішкі элементі бола тұрып, экономикалық сана оның құрылымына әсер ете алады. Ол – тарихи, саяси, құқықтық, діни санаға, тіпті эстетикалық санаға әсер етеді және жымдасып байланысады. Үшіншіден, экономикалық сана халықтың, жекелеген топтардың, ұлттардың, олардың өкілдерінің экономикалық әрекетінен, мінез-құлқынан көрінеді, өзгереді, дамиды, өседі. Мақалада экономикалық сана мен экономикалық ойлауға анықтама беріледі, оларың өзіндік белгілері анықталып, сипатталады. Сонымен қатар, экономикалық сана мен экономикалық ойлаудың өзара байланысын анықтаудың онтологиялық, гносеологиялық, әлеуметтік тәсілдері көрсетіледі. Мақаланы жазу барысында біз, мына міндетті алға қойдық: адамның экономикалық өмірінің тәуелсіз феномені ретінде экономикалық сана мен экономикалық ойлаудың жалпы көрінісін беру, оның табиғаты мен диалектикасын көрсету. Зерттеу нәтижесінің әлеуетті тұтынушылары – лингвистер, әлеуметтанушылар, психологтар, экономикалық саясат саласындағы ғалымдар мен мамандар, саясаттанушылар, магистранттар, докторанттар, студенттер, сонымен қатар журналистер.

Сведения

Опубликовано
2022 · № 3, С. 360-378
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP