Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

Қазақстан тау-кен секторы дамыған аграрлық-өнеркәсіптік ел болып табылады. Қазақстан аймақтарының экономикалық жəне əлеуметтік дамуының стратегиялық міндеттері-экономиканың құрылымдық жаңаруын жүзеге асыру, экономиканың құрылымдық буындарының өзара байланысты жəне теңгерімді дамуын қамтамасыз ету. Мақалада Қазақстан экономикасының құрылымындағы соңғы жылдары орын алған өзгерістер қарастырылады, олардың негізгі үрдістері ерекшеленеді. Қызметтің негізгі түрлерінің Қазақстанның ЖІӨ-дегі үлес салмағының өзгеруі, өндірістік сала мен көрсетілетін қызметтер саласы арасындағы арақатынас, сондай-ақ өнеркәсіптік қызметтің негізгі түрлерінің үлес салмағының серпіні талданады. Cонымен қатар, мақалада Қазақстанда 2022 жылы жаңа ұйымдардың өсу рейтингі бойынша қандай салалардың жақсы немесе нашар дамуы туралы жағдайы кесте түрінде статистикалық мәліметтермен беріледі. Қазақстан экономикасы 2020 жылдың екінші жартысында қалпына келе бастады, дегенмен нақты ЖІӨ COVID-19 дағдарысына қарағанда әлі де төмен. Соңғы жиырма жылдағы күшті құлдыраудан кейін Қазақстанның нақты ЖІӨ өсімі 2020 жылдың үшінші тоқсанында қалпына келіп, 2021 жылдың басынан бастап жалғасын тапты. Осы ретте Қазақстан үкіметі экономикалық даму стратегиясында өнімділіктің өсуіне басым мән береді. 2025 жылға дейінгі Қазақстанның ұлттық даму жоспарындағы өнімділіктің өсуі, неғұрлым дамыған елдердің қатарына кіруге көмектесетін экономикалық қайта құрудың маңызды факторы болып табылады. Сондықтан, өнімділіктің өсуі сапалы жұмыс орындарын ашуға, экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік береді. Ел экономикасының өсуіне мұнай мен металдарға қолайлы бағалар, сондай-ақ оларды өндірудің өсуі ықпал етеді. Алайда, Қазақстанда экономиканы әртараптандыруда, даму барысында байқалмайтын кереғар (парадоксалды) кездесетін жағдайлар мақалада жекелеп талданады. Сонымен қатар, мақалада Қазақстан экономикасындағы құрылымдық өзгерістерді талдау нәтижесінде, сыртқы экономикалық конъюнктурадан пайда болған тиімсіз жағдайларды атап көрсетеді.

Сведения

Опубликовано
2022 · № 3, С. 305-316
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP