Central AsianResearch Index

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ

Бүгінгі күні күн сайын өзгеріп дамып отыратын қоғам талаптары білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында оқыту сапасын түпкілікті өзгертуге нақты қадамдардың жасалуына, жаңа идеялар мен тың жүйелермен жұмыс істеуге негіз болып отыр. Сондықтан қазіргі ақпараттық қоғам мен технологиялар ғасырында – білім алушылардың дамуының жаңа технологиялық кезеңі және білім беру мен оқытудың заманауи үлгілері сәйкес келуі керек. Мақалада болашақ информатика педагогтарын дайындаудағы білім-онлайн платформаларын құруды жобалау мәселелері қарастырылған. Сонымен қатар, болашақ информатика педагогтарын қашықтан оқыту элементтері бойынша даярлаудағы кейбір мәселелерді шешу жолдары және оған оқытудың қажеттілігі айқындалған. Қашықтан оқыту бойынша білім-онлайн платформаларын оқыту мәселелерімен айналысқан еліміздің және шет ел ғалымдарының ғылыми зерттеулеріне сүйене отырып платформа құруда негізгі назарға алынды. Сонымен қатар зерттеу нәтижесінде информатика педагогтарын даярлауда білім-онлайн платформаларын оқыту қажеттілігі ғылыми негізделді. Кәсіптік пәндер мазмұмын саралау барысында білім-онлайн платформалары элементтерін оқытудың қажеттілігі анықталып, оқу мазмұнына бөлімдердер бойынша тақырыптар ендіру жоспары келтірілген. «Білім - онлайн платформалары» пәнінің мазмұнында қарастырылатын тақырыптар сипатталған. Синхронды және асинхронды оқыту формаларына нақты мысал келтіріліп, арнайы әдістермен зерттеп жүзеге асырылған. Осы мақсатты жүзеге асыруда қашықтан оқытудың жобалық жүйесі көрсетіліп білім-онлайн платформаларын құрудың практикалық алғышарттары анықталған. Зерттеу материалын дайындау кезінде: талдау, синтез, жалпылау сияқты жалпы ғылыми әдістер қолданылды. Бұл қашықтықтан оқытудың қалыптасқан жағдайында оқытудың ерекшелігін анықтауға, жинақталған білімді жүйелеуге, ғылыми ұстанымды қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Сведения

Опубликовано
2022 · № 3, С. 149-160
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP