Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫНА ҚАТЫСТЫ ИДИОЭТНИКАЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ЭТНОТАНЫМДЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Мақалада қазақ жігіттері мен қазақ қыздарының өзіндік бейнесі, ұлт руханиятына сай қасиеттері мен сан қырлы сыры сөз етіледі. Қызды мінсіз (идеал) тұлға ретінде марапаттайтын танымдық бірліктер анықталады. Қазақ қызына қатысты тілдік бірліктер ұлттың менталитетін танытатын тілдік көрсеткіш ретінде айқындалады. Мақалада тілдің лексикалық байлығы негізінде халықтың рухани, мәдени өмірін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпынан хабар беретін атаулардың ерекшеліктері сипатталды. Бағалау жүйесінде қыз болмысына, қыз бейнесіне, қыз сын-сипатына деген талғамдық, танымдық критерийлер көрсетілді. Қыз сынына қатысты кез келген тілдік бірліктерде ұлттық дүниетаным, тәлім-тәрбие, салт-дәстүрлер көрініс береді. Қыздың сынына қатысты тілдік бірліктерді коммуникативті бағытта оқыту арқылы, олардың сөздік қорын байыта түсеміз әрі ұлттық тәлім-тәрбие бере аламыз. Қызға қатысты этномәдени мұраны деңгей бойынша бейімдеп, оларды студенттерге ұлттық құндылықтар мен ұлттың тарихи даму кезеңдерін танытатын күрделі құрал ретінде оқыту қажет. Мақалада қызға қатысты атаулардың мазмұнын аша отырып этнотанымдық тілдік білімін толықтырады. Нәтижесінде студент қазақ қыздың бітімін танытатын, білдіретін сөздердің тілтанымдық қалыптасу мен даму жолын, мағынасын түсіне алады. Мақалада қазақ қызының болмысын, киім киісін, жүріс-тұрысын сипаттайтын лингво-мәдени бірліктерді танытуда бірнеше жаттығулар мен тапсырмалар берілді. Ол тапсырмалар арқылы оқушының лингвомәдени білім көкжиегі кеңейе түсті.

Сведения

Опубликовано
2022 · № 3, С. 136-148
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP