Central AsianResearch Index

БОЛАШАҚ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТКЕ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ

Қоғамдық-саяси және экономикалық мәселелерді шешу үшін жоғары білікті мамандар талап етілетін қазіргі жағдайда әлеуметтік- педагогикалық сала үшін кадрларды даярлау мәселесі ерекше маңызға ие болып отыр. Қоғамдағы өзекті мәселелерді көріп қана қоймай, оны шеше алатын білікті мамандар қажет екендігі қазіргі заманда сұранысқа ие, соның ішінде әлеуметтік педагог мамандарының алатын орны ерекше. Әлеуметтік тапсырысты нақты білімнің көлемі мен толықтығына негізделген маманның кең ақпараттық моделі тұрғысынан емес, ең алдымен субъектінің тұлғалық және кәсіби сипатқа ие болуын қарастыру керек, атап айтқанда білімін үнемі толықтырып отыруы, кәсіби сипатқа ие әртүрлі міндеттерді қоя білуі мен шешуі, балама шешімдерді алға қою және тиімді жұмыс технологиясын әзірлеу болашақ әлеуметтік педагогтардың басты көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Мақалада болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби іс-әрекетке даярлығын қалыптастыруға байланысты жүргізген эксперименттік зерттеу жұмыстарының нәтижелері қарастырылатын болады.

Сведения

Опубликовано
2022 · № 3, С. 126-135
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP