ҰЛТ ҰСТАЗЫНЫҢ БАСТАУЫШ МЕКТЕПКЕ ҚАТЫСТЫ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫ (Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған)
Бұл мақалада ұлт ұстазының бастауыш мектепке қатысты ғылыми-педагогикалық ұстанымдары сөз болады. Патша заманындағы қазақ халқының рухани жаңғыртуы үшін күрескен белгілі ағартушы тұлға Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатына бейімделіп араб жазуы негізінде жасаған әліппесі талданады. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби мен жаңа емле сынды жаңа жазу үлгісін ұсынған реформатор әрі ғалым. Ұлт ұстазының бұл әліппесі ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениеті сауат ашу үшін мұқтаждығын толық өтеп келгендігі және оның дыбыс әдісімен оқыту тәсілі айтарлықтай қолайлы болғандығы баяндалады. Сондай-ақ, ғалым алфавиттің полиграфиялық мүмкіндіктері мен экономикалық тиімділік жақтарын да баса көрсеткендігі және оны қазіргі тәуелсіз Қазақстанның білім, ғылым салаларына да пайдалану қажеттілігі айтылады. Бұл әліпби ұлттық жазудың қалыптасуындағы ірі мәдени жетістік болып табылады. Мақалада ұлт ұстазының әр кезеңдегі ағарту саласында жазылған еңбектері талданады. Бір ғасыр бойында бірнеше рет өзгерістерге түскен, әртүрлі баспадан әрқилы болып шыққан оқулықтар - ұлт ұстазының әдістемесіне, ұлттың құндылықтарға негізделген «Әліппесіне» жете алмайтындығы дәлелденеді. Мақаланың қорытындысында бүгінгі ұрпаққа Ахмет Байтұрсынұлының өз әліппесін өз авторлығымен қайтару керек екендігі, Ақаңнан кейін қырық түрлі әліппе жазып тоқтай алмай жүргеніміздің өзі сол ұлт ұстазының деңгейіне жете алмай жатқандығымыз көрсетілді. Содан бері жүз он жыл өтсе де біз Ахмет Байтұрсынұлы жазған әліппедей оқу құралын жаза алмағандығымыз фактілермен дәлелденеді.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · № 3, С. 99-109
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP