Central AsianResearch Index

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ФИЗИКА МЕН МАТЕМАТИКАНЫҢ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫ НЕГІЗІНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Мақалада жоғары оқу орындары студенттерінің математикалық білімімен кіріктіре отыра физика пәні бойынша орындайтын өзіндік жұмыстарының мәселесі қарастырылған. Сонымен қатар, шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеулері негізінде студенттердің өзіндік жұмыстарының теориялық негіздемесі келтірілген. Математика мен физиканы пәнаралық байланыста оқыту қазіргі уақытта білімнің барлық салалары, соның ішінде жоғары оқу орындарының техникалық мамандықтары үшін өзекті мәселе болып табылады. Бұл мәселе студенттердің өздігінен білім алуы дағдысы мен өзіндік жұмысы арқылы шешілетіні анық. Сонымен бірге, мектептегі білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес теориялық білім практикада қолданылуы қажет. Бұл мәселені шешудің ең бір оңтайлы жолының бірі – ол студенттердің өзіндік жұмысын сапалы ұйымдастыру мәселесі. Мақалада студенттердің өзіндік жұмысының дидактикалық принциптері көрсетіліп, физика пәнінен сәйкес есептер шығару арқылы бұл мәселенің шешу жолдары көрсетілген.

Сведения

Опубликовано
2022 · № 3, С. 42-55
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP