ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДІНТАНУЛЫҚ САРАПТАМА ЖҮРГІЗУДІҢ ТАҒЫЛЫМДЫҚ МӘН-МАҢЫЗЫ
Мақалада Қазақстан Республикасының құқықтық жүйе сінде нормативтік мәнге ие дінтанулық сараптама қорытынды құжа тының пайда болуының алғышарттары сөз болады. Оның құқық-тық негіздері талданады.Тәуелсіздік жылдарындағы діни ахуалдың өзгеріске ұшырауы негізге алына отырып, тақырыпқа қатысты құқықтық деректер мен тарихи дереккөздердің негізінде дінтанулық сараптаманың пайда болуына қатысты жаңа байламдар жасалынады. Атап айтар болсақ, дінтанулық сараптама түсінігіне құқықтық анықтама беріліп, Қазақстандағы дінтанулық сараптама тарихына талдау және дінге қатысты заңнамаларға шолу жасалынып, дін мәселелеріне жауап ты мемлекеттік органның құрылу тарихы жан-жақты сараланады. Республикадағы дін мәселелеріне жауапты мемлекеттік органның функциясы және оның жанынан құрылған дін мәселелерін зерттеу орталықтары жүргізген дінтанулық сараптамаларға ішінара мониторинг жасалынады. Дінтанулық сараптаманың қоғам дық орны мен рөлі зерделенеді. Сондай-ақ, қолданыстағы ережелер бойынша дін танулық сараптама өлшемдері талданып, дінтанулық сараптаманы арнаулы құзырлы мекемелер жүргізетін ресми негіздері ғылыми түрде бағаланады. Дінтанулық сараптама жүргізілетін обектілер нақтыланады. Жалпы, дінтанулық сараптама жүргізудің мемлекет пен қоғам үшін маңыздылығы құқықтық тұрғыда жан-жақты талқыланады. Түйін сөздер: дін, сараптама, ислам, дәстүр, экстремизм, деструктивті, заң, ереже.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · № 3, С. 20-27
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP