BULLETIN OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN ( THE BULLETIN), 2022, № 2, с. 185-196
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЙЛЕУ ӘДЕБІ: ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аннотация · Abstract
Мақалада мектеп оқушыларының қазақ тілінде сөйлеу әдебінің ерекшеліктері сөз болады. Олардың коммуникация құрудағы сөз мәнерлігінің аздығы, ауыспалы мағынадағы бейнелі сөз тіркестерін түсінбеуі сауалнама нәтижесінде талданады. Оқушыларды мәдени құндылықтарды білуге және оны дамытуға баулу отбасының тәрбиесі мен мектеп бағдарламасы бойынша оқытылатын, тіл ұстартатын әдебиет пән қазақ тілі пәніне байланысты. Қала балаларының тіл ерекшелігі – аралас тілде сөйлеуі. Осы себептен әдеби нормаға негізделген көркем шығарма тілін мектеп оқушылары жете талдап, түсінуі қиын. Қазіргі кезде кітап оқитын ұрпақ азайғандықтан қазақ тіліндегі бейнелі қолданыстар, ауыспалы мағынадағы метафоралы тіркестер, тұрақты теңеулерді оқушылар өзара коммуникацияға, ауызша дискурсқа ендірмейді. Ұлттық код ең алдымен тілде сақталады. Тілдегі тұрақты тіркестер ұлттық кодты ашатын құрал.Фразеологизмдерді жиі қолданатын алдыңғы ұрпақ қатары сиреп барады. «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет болып саналады. Көркем әдебиет мәтінін түсінумен қатар тілдік ерекшеліктерін талдап, есте сақтау - оқырман құзыреттілігінің басты қағидасы болу керек. Қазақ тілі тек қажеттіліктен туған қатынас тілі болмауы үшін, қазақ тілінің ары қарай түрлі әлеуметтік ортаға икемделіп дамуына мектептегі білімнің рөлі айырықша. Мектептегі, оқу орындарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері беретін тілдік білім тереңдетілуі үшін ұсыныс-пікірлер берілді. Түйін сөздер Мәдени мұра, рухани жаңғыру, фразеологизмдер, мектеп, білім, ұлт болмысы.
Сведения · Details
- DOI 10.32014/2022.2518-1467.280
- Журнал · Journal BULLETIN OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN ( THE BULLETIN)
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0