Central AsianResearch Index

“КЕЙС” ӘДІСІ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін көптілді білім беру жағдайында даярлауда ағылшын тілін “кейс” әдісі арқылы оқытудың ерекшеліктері қарастырылады. Кейс әдісін қолдануды ғылыми тұрғыда әртүрлі сала бойынша зерттеген ғалымдармен зерттеушілердің тәжірибелік тұжырымдамалары және көзқарастары сипатталады. Қоғамда бәсекеге қабілетті, құзыретті педагог мамандарды даярлау және мәдениетаралық қарым-қатынасты дамыту қажеттілігі - білім берудің принциптері мен әдістерін анықтай келе, оқытудың жаңашыл және белсенді әдістерін қолдануды талап етеді. Тілдік емес жоғары педагогикалық оқу орындарында шетел тілін оқыту, әсіресе болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін көптілді білім беру негізінде даярлау – қоғам сұранысынан туындаған қажеттілік. Дегенмен, елімізде көптілді білім беруге қажетті жағдайлар жасалынып, білім беру мекемелеріне қоғам мен мемлекет тарапынан әртүрлі деңгейде қолдаулар көрсетілгеніне қарамастан, алыс, шалғай аудандарда ағылшын тілі пәнінен, әсіресе бастауыш сынып мұғалімдерінің жеткіліксіздігі, күтілген нәтижені қамтамасыз ете алмай келеді. Бұл зерттеудің мақсаты - болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің лингводидактикалық әлеуетін ағылшын тілінде дамытуда әдістемелік тұрғыдан кейс әдісін қолданудың оңтайлы және тиімді жолдарын анықтауды көздейді. Қолданбалы зерттеулердің нәтижелері шет тілін кейс әдісі арқылы оқыту - болашақ мамандарды даярлауда тиімді интерактивті әдістердің бірі екенін дәлелдейді. Заманауи оқытудың ең танымал интерактивті әдістерінің бірі ретінде кейс әдісі нақты білім мен дағдыларды дамыту үшін ғана қолданылмайды, сонымен қатар студенттердің аналитикалық ойлау қабілетін, интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында оқытудың дәстүрлі әдіс - тәсілдеріне қарағанда тиімді болып саналады. Кейс технологияларын тіл оқыту процесінде қолдану – студенттерді пікірталасқа белсенді қатысуға және коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруға, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға және тәжірибеден теориялық тұжырым шығаруға, нақты мәселені шешуде екіұштылықты көруге баулиды.

Сведения

Опубликовано
2022 · № 2, С. 129-147
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP