ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯНЫҢ АНА ТІЛІ ОҚУЛЫҚТАРЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУ
Бұл зерттеу жұмысының мақсаты - Қазақстан мен Түркияның 2-сыныптарындағы ана тілі оқулықтарын салыстырмалы зерттеу болып табылады. Зерттеудің үлгісіне бастауыш сыныптың 2-сыныбында оқылатын 2018 жылғы «KOZA Yayın Dağıtım Sanayi және Ticaret AŞ» Түрік тілі оқулығы мен «Атамұра» баспасына тиесілі Әдебиеттік оқу оқулығы алынды. Оқулықтар - білім берудегі маңызды ресурстардың бірі. Осыған байланысты білім беру мақсаты мен нәтижелерінің жүзеге асырудағы ең үлкен міндет оқулықтарға түседі. Оқулықтың басым бөлігі мәтіндерден немесе оқу үзінділерінен тұрады. Бұл тұрғыда баланың психикалық және әлеуметтік дамуына сәйкес жазылған мәтіндер немесе мәтін түрлері өте маңызды. Ана тілін оқытуда оқулықтардағы мәтіндер маңызды орын алады. Бастауыш білім берудің алғашқы кезеңнен бастап ана тілін тиімді оқыту мәтіндер арқылы жүзеге асады. Зерттеу деректері сапалы зерттеу әдістерінің бірі болып табылатын құжаттарды талдау арқылы жинақталды. Бұл сипаттамалық зерттеуде оқу мен жазуға үйрету, тақырыптар, мәтін түрлері, мәтіндерге қатысты тапсырмалар және оқулықтардағы көрнекі материалдардың орын алуы мәселесі зерттелді. Оқулықтарда 129 мәтіннің барлығы мәтін түрі мен тақырыбы бойынша бір-бірлеп зерттелді. Мәтіндерге сілтемелер жасалды және салыстыру арқылы зерттеліп, нәтижелер кесте түрінде ұсынылды. Зерттеу шеңберінде қарастырылған екі оқулықта да тіл үйрету, оқыту бағыттары шеңберінде оқушының бойында қалыптасатын дағдылар қамтылған. Бүкіл әлемде тілді оқыту, түсіну (оқу-тыңдау) және түсіндіру (сөйлеу-жазу) дағдыларын дамытуға бағытталған. Бұл зерттеу жұмысында Қазақстан мен Түркияның 2 сынып ана тілі оқулықтарындағы оқу мен жазуға үйрету, тақырыптар, мәтін түрлері, мәтіндерге қатысты тапсырмалар және оқулықтардағы көрнекі материалдарға салыстырмалы зерттеу жасалды. Нәтижесінде кейбір айырмашылықтар мен ұқсастықтар анықталып, нәтижелер талқыланды.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · № 2, С. 104-119
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP