Central AsianResearch Index

ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРДЫ КЕЙС-СТАДИ ӘДІСІМЕН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ТӘСІЛДЕРІ

Мақалада Case study әдісін қолдана отырып, студенттерге қазақ тілін үйретудің маңыздылығы негізделеді. Қазір қазақ тілін оқытуда коммуникативтік құзыреттілікті күшейту аса маңызды. Қазақ тілін екінші тіл ретінде үйренушілер сабақта кейстерді қолдану арқылы тілдік коммуникацияға еркін түсу мүмкіндігіне ие бола алады. Классикалық кейс әдісі өз бетінше шешім қабылдау дағдыларын дамытуға ықпал етсе, кейс стади әдісі – коммуникативтік тәжірибеде шыңдауға баулиды. Мақалада оқушылаға кейстер тақырыптар келтіріліп, оны интернет ресурстары арқылы, мультимедиалық тапсырмалар арқылы толықтыру, тапсырма құрастыру жолдары ұсынылған. Бұл мақалада кейс-стади әдісін қолдана отырып, жағдаяттық тапсырмаларды интернет ресурстары арқылы әзірлеудің тиімділігі түсіндіріледі. Кейс стади әдісінің институционалды дискурсты жетілдіруге, кез келген дискурстық жағдаятта тілдік қарым-қатынасқа түсу мүмкіндіктерін ашатын әдіс екені дәлелденеді. Кейс-оқыту технологиясы (әдісі) - бұл әрекет арқылы оқыту. Кейс әдісінің мәні - білімді игеру және дағдыларды қалыптастыру оқушылардың тілдік барьерді, қарама-қайшылықтарды шешудегі ең тиімді тәсіл екені дәлелденеді. Мақала «BR11765619 «Мемлекеттік тілдің ақпараттық-инновациялық базасы ретіндегі қазақ тілінің ұлттық корпусын әзірлеу: ғылыми-зерттеу және оқыту интернет-ресурсы» атты бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы аясында жағдаяттық мәтіндер құрастыру мақсатында орындалды. Түйін сөздер: кейс-стади, коммуникация, оқытудың интерактивті әдістері, кейс-технология, коммуникативтік құзыреттілік.

Сведения

Опубликовано
2022 · № 2, С. 30-43
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP