Central AsianResearch Index

ҚАШАҒАН ЖЫРАУ КҮРЖІМАНҰЛЫ ТІЛІНДЕГІ РУСИЗМДЕР

Жыраулар – ауызша эпикалық дәстүрді (устная эпическая традиция) таратушы және жасаушы ерекше өнер иелері. Ауызша эпикалық дәстүр көне Грецияда, Арабияда, түркі халықтарында, ал XX ғасырдың 40-50 жылдарына дейін Албания, Югославия, Болгария, Македония елдерінде сақталып келді. Жыраулық дәстүрдің басты ерекшелігі – оның ұрпақтан ұрпаққа ауызша тарап жетуінде және жырдың қағазға жазылмай, ауызша шығарылуында болып отыр. XV-XIX ғасырлардағы ақын-жыраулар тілінде қазіргі тілдік ортаға бейтаныс көне сөздерді талдау арқылы халқымыздың, оның тілінің тарихына қатысты мол деректер табуға болады. Мысалы, Маңғыстау жыраулары тіліндегі үб, қаржалу, ала жаулы, кіс, зүрият, аңлану, озал қолданыстары Маңғыстауды мекендеген тайпалар тілінде оғыз, қыпшақтық, басқа да көне түркілік элементтердің сақталып қалғандығын білдіреді және осы өңірді ежелгі заманда қандай тайпалар мекендегені туралы тарихи дерек береді. Қазақ жыраулары тілінде араб, парсы, шағатай тілінен енген сөздерді көптеп ұшырасуы заңдылық, себебі жыраулар мұсылманша өте сауатты болған. Ал кейбір ақын-жыраулар шығармаларында кездесетін орыс тілі сөздері автор өмір сүрген ортаның тарихи-әлеуметтік және мәдени жағдайымен байланысты болды. Мысалы, XIX ғасырдың II жартысындағы Маңғыстау жыраулары тіліндегі орыс сөздері Қазақстанның Батыс аймағында орналасқан Маңғыстау түбегі тұрғындарының Ресей халқымен саяси, мәдени, шаруашылық қарым-қатынасын көрсетеді. Мақаланың мақсаты – XIX ғасырдың II жартысында Маңғыстау өңірінен шыққан Қашаған жыраудың тіліндегі орыс сөздеріне талдау жасау арқылы қазақ әдеби тілінің даму, қалыптасу тарихындағы кірме сөздердің орнына баға беру.

Сведения

Опубликовано
2022 · № 1, С. 200-208
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP