Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚ ЭТИКЕТІ ТЕРМИНДЕРІ: ҚАЗАҚ ЭТИКЕТІНДЕГІ ДӘСТҮРЛІ ТІРКЕСТЕРДІҢ ФОРМУЛЬДЫЛЫҒЫ (ЖЫРАУЛАР ПОЭТИКАСЫ НЕГІЗІНДЕ)

Мақалада XV-XVIIІ ғасырда өмір сүріп, ауыз әдебиетінің үлгісін, жыраулық дәстүрді қалыптастырған, сол кездегі елдің өмірін, мұң-мұқтажын жырға қосып елдің әлеуметтік тұрмысын кейінгі ұрпаққа танытқан Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар сынды жыраулардың поэтикалық мәтіндеріндегі этикеттік терминдер мен ондағы дәстүрлі тіркестердің формульдылығын анықтау зерттеу жұмысының өзектілігі болып отыр. Сондай-ақ, зерттеу жұмысында жыраулар дәстүрінде, яғни жыраулардың поэзиясында этикеттің өзіндік ерекшелігін таныту негізге алынады. Сондай-ақ, қазақ халқына тән өзіндік этикеттің жыраулар поэтикасындағы рөлі және қазақ этикетіндегі дәстүрлі тіркестің мәні ашылып беріледі. Жүргізілген зерттеудің негізінде жыраулар поэтикасының жанрлық ерекшеліктері, мәселен өсиет, бата, арнау, үндеу, мадақ, қоштасу, жоқтау, қарғыс секілді түрлері ажыратылып беріледі. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – қазақтың танымын кеңейтудегі этикеттің рөлін жыр арқылы анықтау. Сондай-ақ, жыраулардың өлеңдерін «формульдылық» ұғымымен байланыстыра отырып қазақ этикетіндегі дәстүрлі ұғымды көпшілікке таныту. Зерттеуде жыраулар поэзиясының этикетін ашып көрсету арқылы жалпы жыраулар дәстүрін келешек ұрпаққа үлгі ретінде ұсыну көзделіп отыр.

Сведения

Опубликовано
2022 · № 1, С. 193-199
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP