ҚАУЫН ШЫБЫНЫ ЗИЯКЕСІМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ
Мақалада Түркістан облысы, Түркістан ауданына қарасты Сауран, Иқан және Бірлік елдімекендерінің жеке шаруа қожалықтарында қауынның Ананас, Торпеда, Мирзачульский сұрыптарымен жүргізілді. Қауын шыбынына қарсы Гаучо, Нурелл, Энжио препараттары инсектицидтер ретінде қолданылды. Қауынның Торпеда, Мирзачульский және Ананас сортымен жүргізілген тәжірибеде ең жоғарғы көрсеткішті Нурелл препаратында байқалды. 3 реттік өңдеуден кейін Сауран елдімекенінде зақымдалған қауынның пайыздық көрсеткіші Торпеда сұрыпында 4,3 %, Мирзачульский сұрыпында 3,2%, ал Ананас сұрыпында 4,2% құраса, Иқан елдімекенінде 2,4%, 3,6% және 2,8%- ды құрады. Бірлік елдімекенінде 1,8% Торпеда сұрыпы, 2,3% Мирзачульский сұрыпы, ал 3,3% Ананас сұрыпының қауындары зақымдалғаны анықталды.
Сведения
- Журнал
- REPORTS
- Опубликовано
- 2021 · С. 71-75
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2224-5227 · 2518-1483
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP