Central AsianResearch Index

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТ-ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАРТУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ШАРТ

Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына әсер ететін негізгі факторлар қолайлы инвестициялық заңнамалармен, экономикалық және саяси тұрақтылықпен қолдау көрсетілетін елдің қолайлы бизнес-климаты болып табылады.Қолайлы инвестициялық климат әлеуетті инвесторлар арасында жылдар бойы қалыптасқан жағымды артықшылықтарды қалыптастырудың іргелі негізін құрайды. Инвестициялық климаттың тартымдылықтан басымдығы айқын болады, ол сайып келгенде ұлттық және жергілікті саясаттағы басымдықтарды анықтауы керек. Осыған байланысты нвестициялық климатты жақсарту қажеттілігі және инвестициялық саясатты дұрыс дамыту ұлттық экономиканың деңгейін арттырудағы маңыздылығы мақалада нақты негізделеді. Мақалада инвестициялық климатқа әсер ететін факторлар жекелеп қарастырылған. Сонымен қатар мақалада еліміздің жоғары инвестициялық әлеуетіне қарамастан, Қазақстанда қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыруға кедергі келтіретін проблемалар айтылған. Ұлттық экономиканы табысты жүргізу үшін инвестициялар тарту қажет. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап инвестициялық климатты жақсарту және тікелей шетелдік инвестицияларды тарту мемлекеттің дамуында негізгі рөл атқаратындықтан, олар үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы ел экономикасына инвесторлар тарту міндетін жалғастырып келеді. Осы ретте бизнес-климат пен реттеуші ортаның жай-күйін көрсететін халықаралық рейтингт, яғни Doing Business бизнес жүргізу жеңілдігі рейтингінде Қазақстан соңғы 10 жыл ішінде 38 орынға, демек – 2010 жылғы 63-ші орыннан 2020 жылы 25-ші орынға көтерілгендігі мақалада сурет түрінде бейнеленеді. Қазақстанда 2020 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың жаһандық ағындары COVID-19 пандемиясының экономикалық әсеріне байланысты 2019 жылмен салыстырғанда 49% кеміген. Объективті себептер бойынша 2020 жылдың тоғыз айында Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 32,2%-ға азайып, нәтижесінде 12,6 млрд АҚШ долларын құрағандығы мақалада салыстырымалы түрде статистикалық мәліметтермен талданады.Құлдырау себептері негізінен экономиканың тау-кен өндіру секторына тікелей шетелдік инвестициялар ағынының қысқаруымен байланыстылығы мақалада беріледі. Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік инвестициялар ағымының оң үрдісі байқалады. Дегенмен, шетелдік инвестицияларды Қазақстан экономикасының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұлғайту керек еді, өйткені капиталды әкету оны әкелуден асып түседі. Бұл, өз кезегінде, жалпы елдегі және әсіресе шетелдік инвестицияларға қатысты өте қолайлы емес инвестициялық климатпен түсіндіріледі.Сонымен қатар мақалада Қазақстанда жинақталған шетелдік инвестициялар ағынының көлемі бойынша соңғы 6 жылдың динамикасына талдау жасалады. Мақалада авторлар қолайлы инвестициялық климатты қолдау және ел экономикасына тікелей шетелдік инвестициялардың келуін ынталандыру Қазақстанның маңызды мемлекеттік міндеті болып табылатындығына баса назар аударады.

Сведения

Опубликовано
2021 · Т. 3, № 391, С. 6-13
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP