Central AsianResearch Index

1945-1955 жж. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫЛ ХАЛҚЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

ХХ ғасырдың 40-50 жылдары Қазақстан жерінде аса ірі көлемде демографиялықпроцестер жүзеге асырылды. Мұның барлығы Кеңес үкіметінің саясатымен байланысты болып,ол бойынша Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында кеңес халықтарын депортациялау кезіндежәне соғыста тұтқынға түскен халықтарды Қазақстан мен Орта Азияға көшірді. Осындай көші-қонсалдарынан Қазақстанда көптеген елді-мекендер мен ауылдар құрылды.Бұрын-соңды болмаған ауылхалқының демографиялық жағдайы қалыптасты. Тәуелсіздік жылдарынан бастап Кеңестік Қазақстанхалқының тарихын демографиялық, әлеуметтік, ұлттық тұрғыда зерттеуге назар аударылды.Соның ішінде ауыл халқының демографиялық дамуының саяси-тарихи себептері мен әсері жайлытақырыптар жаңа теориялық ұстанымдар негізінде қайта қаралды. Ауыл халқының демографиялықжағдайын зерттеу қазіргі тарих ғылымындағы жаңа тұжырымдардың негізінде жүзеге асырылуда.Ауыл халқының тарихы Қазақстан тарихының үлкен бөлігі саналғандықтан, ол қай қырынан болса даіргелі ғылыми тақырыптарға арқау болады.Мақалада, 1945-1955 жылдар аралығындағы Қазақстандағы ауыл тұрғындарының демографиялықтарихы зерттеледі. Аталған кезеңдегі ауыл халқының демографиясын, әлеуметтік тұрмысын жәнеоған ықпал еткен көші-қон процесін зерттеу – мақаланың басты міндеті болып табылады.

Сведения

Опубликовано
2021 · № 6, С. 215-226
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP