Central AsianResearch Index

ҚОҒАМНЫҢ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУЫНДАҒЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ

Мақала қазіргі қазақстандық қоғамның рухани жаңғыру жүйесіндегі мақал-мәтелдердіңорны мен рөлін талдауға арналған. Отыз жыл аралығында ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану жәнедінтану институты аясында қазақ халқы мен еліміздің басқа да этникалық құрылымдарының руханиөмірінің сан алуан қырлары тарихи-философиялық тұрғыдан зерттелді. Халықтың мақал-мәтелдерімен нақыл сөздері Институттың түрлі ғылыми жобаларында зерттеу нысаны болды. Олар этностыңрухани құрылымының бір бөлігі ретінде ұлттық өзіндік сананың ділдік ерекшеліктерін, әлеуметтік-психологиялық басымдықтарын айқын көрсетеді. Сондықтан мақала авторлары этностың бірегейфилософиялық мәдениетін ашып, тарихи даму аясында ұлттық рухтың детерминанттарын айқындайотырып, халық даналығының экзистенциалдық аспектілеріне алғаш рет назар аударады. Әрине,тарихи сананы қалыптастыруда нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердің маңызы зор болды.Сонымен қатар, мақала авторларының пікірінше, этникалық сананың рухани құндылықтары мендүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру қазақ этносының рухани дүниесіндегі айшықты нақылсөздермен және мақал-мәтелдермен ұштасып жатқаны сөзсіз. Ғылыми мақалада қазақ халқыныңмақал-мәтелдерінің шығыс елдерімен әр түрлі ұқсастығы салыстырмалы түрде талданған. Сондай-ақАбай Құнанбаевтың қазіргі жағдайда ұтымды жаңаруды, рухани жаңғыруды қажет ететін этностыңкөнерген, елеусіз мақал-мәтелдеріне қатысты сыни көзқарасына ерекше назар аударылады.

Сведения

Опубликовано
2021 · № 6, С. 160-167
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP