М.О. Әуезов әңгімелеріндегі ұлттық пейзаж поэтикасы
Мақалада пейзаж поэтикасы арқылы ұлттық мінез табиғатын зерделеуге ұмтылыс жасалды. Бүгінгі таңда сөз өнеріндегі ұлттық пейзаж категориясы ұлттық әдебиеттердің көркемдік поэтикасын бағалаудағы басты алғышартқа айналды. Мұндай үрдіс кейінгі жылдардағы көптеген факторларға байланысты. Жаһандану жағдайында ұлттық әдебиеттің өзіндік мәдени кодтарын сақтап қалу жағдайын шығармалардағы ұлттық пейзаждың көркемдік дәрежесімен талдап-таразылауға болады. Сөзбен өрнектелген пейзаждың шынайылығы мен бояуларының қанықтығы, сонымен қоса, әдеби тілдің де тазалығы мен байлығын бағамдауға мүмкіндік береді. Ғаламдық экологиялық ахуал адамзаттың табиғатқа деген көзқарасын өзгертті. Осыған орай сөз өнеріндегі әсем табиғат бейнесін қоршаған ортаны қастерлеу контексінде түсінуге болады. Бұл тұста адам мен табиғат бірлігін саналы түрде түйсіну жағдайын көркем суреттеудің де ролі ерекше. Әр халықтың этностық ерекшеліктерін сипаттай алатын пейзаж көріністері болады. Қазақ елі үшін, ең алдымен, жазық дала бейнесі – сондай ұлт болмысын ашатын пейзаж. Дегенмен кең байтақ қазақ жерінің тауы мен жазығы, құмы мен суы әр тараптағы тұрғындарының өзіндік мінез ерекшеліктерімен сабақтас пайымдалады. Мысалы, тау көріністері ұлттық пейзаж деңгейінде көптеген ақын-жазушылардың шығармаларында суреттеледі. Солардың ішінде классик жазушы Мұхтар Әуезов туындыларындағы тау суреттерінің көркемдік қызметі әрқилы. Бірде ол кейіпкердің рухани әлемімен сабақтастықта психологиялық параллелизм арқылы көрініс табады. Бірде оқиға орын алған кеңістік ретінде жалаң бейнеленеді. Ал кейде М.О. Әуезов пейзаждары арқылы ұлттық мінез қырларының ашылғандығы байқалады. Мақала AP09259694 «Қазіргі әдебиеттану джәне когнитивтік парадигма» жобасы аясында дайындалды. Түйін сөздер: М.О. Әуезов, әңгіме, пейзаж, ұлт, мәдениет, код, поэтика, пейзажелогия.
Сведения
- Опубликовано
- 2021 · № 6, С. 153-159
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP