Central Asian Research Index

NEWS OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN, 2021, т. 3, № 337, с. 96-105

N22 ШАҢ КӨПІРШІКТЕРІ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАС ЖҰЛДЫЗ ОБЪЕКТІЛЕРІН АНЫҚТАУ

А.Б. Манапбаева, J. Esimbek, Н.Ш. Алимгазинова, М.Т. Кызгарина, А.Б. Атамұрат

Аннотация · Abstract

Соңғы онжылдықтарда жұлдызаралық ортадағы ең маңызды бақылаулар электромагниттік сәулеленудің радио және инфрақызыл аймақтарында жасалды. Жұлдыздар түзілуінің көптеген бағыттары бойынша Spitzer ғарыштық телескопының жоғары ажыратымдылықтағы инфрақызыл бақылаулары: GLIMPSE (Galactic Legacy Infrared Midplane Survey Extraordinaire) және MIPSGAL барлаулары ерекше қызығушылық тудырады. Әдебиеттерді талдау, көпіршіктердің жас массивті жұлдыздардың айналасындағы қыздырылған аймақтардың инфрақызыл белгілері екенін көрсетті, сондықтан бұл жұмыста Churchwell каталогына енгізілген солтүстік инфрақызыл көпіршіктердің бірі - N22 айналасындағы аймақтар зерттелді. Spitzer көп толқындық зерттеулерін және 2MASS, GLIMPSE және MIPSGAL каталогтарының мұрағаттық деректерін қолдана отырып, біз N22 шаң көпіршігінің айналасында жас жұлдыздар объектілеріне үміткерлерді іздедік және 36 сәулелену объектілерін таптық. Әрбір зерттелетін объект үшін олардың спектріндегі түс пен энергияның таралу көрсеткіштерінің диаграммалары тұрғызылды. L. E. Allen (2004), A. Gutermuth (2008) және T. P. Robitaille (2008)) авторларымен жасалған әртүрлі жіктеу критерийлеріне сәйкес түс көрсеткіштерінің диаграммалары бойынша, сондай – ақ зерттелетін объектілердің спектрінде энергиялардың таралуы бойынша 12 объект-І класс жас жұлдыздар және 10 көз - ІІ класс жас жұлдыздар объектілеріне жатқызылған.

Сведения · Details