Central Asian Research Index

NEWS OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN, 2021, т. 3, № 337, с. 6-11

ЛОГИСТИКА ЖӘНЕ КӨЛІК АКАДЕМИЯСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ КЕЗІНДЕГІ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ АЛГОРИТМІ

Б.С. Ахметов, Қ. Нұралбай

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада басқару процесінде ақпараттық технологияларды енгізу қажеттілігі талданады, ақпараттық жүйелердің негізгі функциялары, сондай-ақ персоналды басқару жүйесінде қолданылатын ақпараттық технологиялардың құрылымы сипатталады. Олардың көмегімен персоналды басқару мәселелерін логистика және көлік академиясы мысалында шешуге болатын технологиялар қарастырылады. Қазіргі заманауи қоғамда ақпарат прогрестің жаңа қозғалтқышына айналуда. Қазіргі уақытта басқару сапасын жақсарту үшін құжаттамамен жұмыс істеу жүйесін жетілдіруге көбірек көңіл бөлу қажет, өйткені персоналды басқару процесі ақпарат көздерімен жұмыс істеуге негізделген, оның тасымалдаушысы бір немесе басқа формада. Заманауи әлемде іс-шаралар тиімділігін арттыру, құжаттармен жұмыс жасаудың ақпараттық жүйесін жетілдіру, басқарушылық құрамның өнімділігі мен тиімділігін арттыру үшін ақпараттық технологиялар мен Python бағдарламалық қамтамасыздандыру жүйесі енгізілуде, бұл көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Сведения · Details