Central AsianResearch Index

Ұлттық мәдени дискурстағы тамақ атауларының лингвомәдени сипаты

олардың мәдени дискурстағы орны мен қызметі тереңінен қарастырылды. Зерттеу өзегінде тағам атауларының қарапайым тұрмыстық лексика шеңберінен шығып, халықтың дүниетанымын, рухани мәдени құндылықтарын, әлеуметтік қатынастарын және өмір салтын бейнелейтін мағыналық құрылым екендігі дәлелденді. Ұлттық ас атаулары тек азық-түлік атауы ғана емес, олар — этностың өмірлік философиясын, наным-сенімін, салт-дәстүрі мен табиғатқа қатынасын бейнелейтін мәдени символдық таңбалар. Мақалада этнолингвистикалық, мәдени-семантикалық, тарихи-салыстырмалы және дискурстық талдау әдістері арқылы қазақ тіліндегі тағам атауларының этимологиясы, морфологиялық құрылымы, семантикалық топтары және мәдени код ретіндегі рөлі жан-жақты сипатталады. Ас атауларының құрамындағы түбір, жұрнақ, сапалық сындар мен бейнелі элементтер олардың уәжділігін, бейнелілік деңгейін және этномәдени мазмұнын ашуға бағытталған. Сонымен қатар әр тағам атауының ар жағында жатқан прагматикалық, ритуалдық және символдық мән-мағына айқындалады. Зерттеу барысында тағам атаулары үш негізгі мәдени концепт аясында жүйеленеді: ет (мәртебе, қонақжайлық, ерлік), нан (береке, тұрмыс, әйел еңбегі), сүт өнімдері — ақ (тазалық, өміршеңдік, адалдық). Бұл үш концепт қазақ мәдениетінің терең қабаттарын, дүниетаным мен өмір сүру философиясын айқындайтын тірек ұғымдар ретінде қарастырылады. Әсіресе ас атаулары арқылы көрініс табатын «ақ дәм», «бас тарту», «сыбаға», «қазан» секілді ұғымдар мен дәстүрлердің тілдік және мәдени прагматикасы терең талданады. Сонымен қатар қазіргі жаһандану жағдайында кейбір ұлттық тағам атауларының ұмытыла бастауы, олардың тарихи-семантикалық реконструкциясы мен мәдени маңызын қайта жаңғырту қажеттілігі де қозғалады. Бұл орайда, «түте», «майшұрқан», «бұқпа», «жөргем» сияқты сирек кездесетін атаулардың тарихи негізі, морфологиялық құрылымы және этнолингвистикалық мазмұны ашылады. Ас атаулары тек қана тұрмыстық қажеттілікті емес, сонымен бірге әлеуметтік иерархияны, этикалық қатынастарды және ұжымдық мәдени жадыны бейнелейді. Мақала нәтижесінде ұлттық тағам атаулары — қазақ халқының тарихи жадысы мен рухани болмысын сақтайтын, мәдени кодтарды ұрпаққа жеткізетін маңызды лингвомәдени дереккөзі ретінде ұсынылады. Бұл бағыттағы зерттеу — тілді мәдениетпен сабақтастыра отырып, ұлттық бірегейлікті, рухани мұра мен этностық болмысты танудың тиімді жолы ретінде бағаланады. Ұлттық тағам атауларының лингвомәдени сипатын зерттеу тек тіл мен мәдениеттің байланысын ашып қоймай, ұлттың рухани болмысын, мәдени тұрақтылығын түсінуге мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы зерттеулерді кеңейту — қазақ тіліндегі мәдени кодтарды жүйелі түрде танудың, сол арқылы ұлттық мәдениеттің әлемдік өркениет кеңістігіндегі орнын айқындаудың маңызды қадамы.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 31, № 3(123), С. 87-102
Язык
Казахский
ISSN
2518-198X · 2663-5127
Издатель
Buketov Karaganda State University