Тілдік құзыреттілікті арттыруда оқыту кейстерін жобалау әдісімен кіріктіре қолдану
Мақалада оқыту кейстерін жобалау әдісімен кіріктіру негізінде құрылған қолданбалы жаттығулар арқылы оқушылардың қазақ тілі сабағында әртүрлі мәтіндердің моделін құрастыру арқылы ауызша және жазбаша тіл мәдениетін жетілдіріп, тілдік құзыреттілігін арттыру, зерттеушілік және жобалау дағдыларын дамыту туралы зерттеу жасалған. Оқушылардың ғылыми стильде сараптама жасау дағдыларын жетілдіруде қолданылған тілдік бірліктердің мәнмәтіндегі мағынасы терең пайымдалады. Лингвистикалық аспектілерді сауатты талдау жасау арқылы әдеби тілдің лексикалық, орфографиялық,морфологиялық, грамматикалық, стильдік, пунктуациялық нормаларын меңгерту жолдарын қарастырған Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесіндегі қазақ тілін оқытудағы прагмалингвистикалық, прагмастилистикалық талдаулардың ерекшеліктерін таныту жолдары қамтылған. Білім алушылар стиль түрін дәлелдейтін тиімді ақпаратты іріктей отырып, мәнмәтіннің түпкі идеялық негізімен байланыста ашады. Стильдің мақсатты қолданыстарын анықтайды және оқырман ретіндегі өзінің қабылдауын, түсінуін және түйсінуін, сезім сипатына әсерін қоса қарастыратын оқу тапсырмалары, оны орындау сипаттамалары мен талаптарына бағыт-бағдар сілтейтін дескрипторлар ұсынылған. Бұл бағытта жүргізілген іс-әрекеттегі зерттеу жұмысы және оның нәтижелері сараланып, оқыту барысында қолданылған оқыту кейстерінің ерекшеліктері мен оқуәдістемелік құралдардың кешенін әзірлеуде жобалау әдісін негізге алу қадамдары сараланады.Оқушылардың алдына мақсат қоюы мен оны орындау барысындағы әрекеттік қадамдарына бағытбағдар беру, нұсқаулықтар мен өзін-өзі бағалау және өзара бағалау парақтарының мазмұны оқытуды жүйелі түрде нәтижеге бағыттап ұйымдастыру әдістемесі ретінде тұтастай түсінік береді. Қазақ тілі сабағында оқушының ойын қолдау үшін әртүрлі жанрдағы мәтіндерден ақпарат алып, жаңа жанрда өңдеп жазу дағдысын жетілдіру бойынша ұсынылатын оқу тапсырмалары мен шығармашылықбағыттағы оқу тапсырмаларын құрастырудағы маңыздылықтар көрсетіліп, оқушы дәптерлерінің тиімділік дейгейлері бағаланып, сауалнама нәтижелері сараланған. Іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша ұсыныстар жасалып, қазақ тілі сабағын нәтижеге бағыттап оқытуда оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттыру үшін жүйелі оқыту кейстерін түрлі әдістерді жобалау әдісімен және «Үлгілеу», «Ойша тәжірибе», «Сипаттау» әдістерімен, «Скаффолдинг» әдістерімен үйлесімділікте, өзара сабақтастықта кіріктіре қолдану тәжірибесінің тиімділігіне баға берілген. Сонымен бірге зерттеубарысында ұсынылған оқу тапсырмалары оқушылардың сыни ойлау, талдау және дәлелдеу қабілеттерін жүйелі түрде дамытуға ықпал ететіні анықталды. Қолданылған әдіс-тәсіл оқушының тілдік білімін нақты коммуникативтік жағдаяттарда қолдана алуына мүмкіндік беріп, оқу үдерісінің өмірмен байланысын күшейтеді. Зерттеу нәтижелері ұсынылған әдістемелік жүйенің қазақ тілі сабағында функционалдық сауаттылықты арттыруға бағытталған тиімді тәжірибе екенін дәлелдейді.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · Т. 31, № 2(122), С. 118-131
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2518-198X · 2663-5127
- Издатель
- Buketov Karaganda State University