Central AsianResearch Index

Лирикалық прозаның теориялық мәселелері

Мақалада прозадағы лиризм мен лирикалық проза жайындағы ұғымдар терең зерттеліп, ұлттық әдебиеттегі лирикалық прозаға тән әдістер мен көркем принциптер жайындағы ғылыми көзқарастар жан-жақты талданған. Бұл мәселе жайында отандық және шетелдік ғалымдардың әдеби-теориялық ой-пікірі сараланған. Лирикалық прозаның эстетикалық рөлі жайында пікірлер мен тұжырымдар көрсетілген. Қазақ әдебиетінде лирикалық прозаның зерттелу динамикасы қарастырылған. Жалпы «лирикалық кейіпкер» терминіне теориялық түсінік беріліп, сараланды. Осы бағытта ауқымдызерттеулер жүргізген ғалымдардың ойлары мен пікірі талқыланды. Ғалымдардың және зерттеушілердің талдаулары жүйеленді. Бұл орайда біршама лирикалық проза үлгілері негізге алынып, зерттелді. Яғни лирикалық прозаның жанрлық белгілері мен олардың көркем дәстүрлері, әдеби үдерістегі орны жайында ғылыми тұжырымдар жасалды. Әдебиеттану ғылымында лирикалық прозаның теориялық анықтамасын берудегі бірнеше көзқарас көрсетілді. Әсіресе ХХ ғасырдың соңына қарай қазақ прозасының дамуы жолындағы лирикалық үрдісті ғалымдар мен сыншылар әрқилы немесе әртүрлі түсіндіріп келе жатқаны, бірқатар әдебиет сыншыларының еңбектерінде бұл мәселе жанрлық мағынасында емес, прозаның эмоционалды және сезім әсеріндегі құбылысты айшықтайтын стиль ретінде қарастырылатыны сияқты қайшылықты пайымдауларға түсінік беріледі. Қазақ әдебиетіндегі лирикалық прозаның қалыптасуы мен дамуы, жанрлық және стильдік ерекшеліктері ғылыми талдау өзегіне айналады. Лирикалық прозаның құрылымы және мазмұнын құрайтын барлық элементтер және оларды түзу немесе субъективтілік факторы, ұйымдастыру тәсілдері мен баяндау формалары қарастырылды. Қазақ әдебиетіндегі лирикалық прозаның өріс ала бастаған кезеңі ХХ ғасырдың басындағы жазушылардың шығармаларымен байланысты екені анықталды. Ол шығармалардағы кейіпкерлердің жан дүниесі, қуануы мен қасірет шегуі сияқты көптеген психологиялық көріністерді суреттеуде лирика элементтерінің прозаға кірігу тәсілдері айқындалады. «Лирикалық проза» терминінің нақты ғылыми анықтамасы әлі күнге толық тиянақталмағандықтан, бірнеше ғалымның пікірі жүйеленіп, ортақ тұжырым жасалады. Осыған сәйкес лирикалық прозаның басты критерийі көрсетіледі.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 31, № 1(121), С. 142-150
Язык
Казахский
ISSN
2518-198X · 2663-5127
Издатель
Buketov Karaganda State University