Central AsianResearch Index

A Студенттерді кәсіби іс-әрекетке даярлаудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері

Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістер кезеңінде, болашақ мамандардың жаңғыртылған білім беру кеңістігіндегі кәсіби іс-әрекетіне даярлау өзекті мәселе. Білім беру саласына жаңа технологияларды енгізу, білімге қолжетімділікті кеңейту, білім сапасын арттырумен қатар ғылым саласын дамыту үшін кәсіби мамандарды даярлау қажеттігі әрдайым басты мәселелердің бірі екені белгілі. Осыған орай қоғамның даму кезеңі өз ісінің іскер мамандарына, кәсіби қалыптасқан тұлғаларға жұмыс ұсына отырып, жоғары оқу орындарына, олардың кәсіби даярлау жұмысына арнайы жаңа талаптар қойылады. Кәсіби іс-әрекетке даярлаудың жетекші құрамына жататын психологиялық-педагогикалық дайындық кешені когнитивтік, мотивациялық, коммуникативтік, рефлексивтік, тұлғалық компоненттері динамикалық құрылымымен өзара әрекеттестік-функционалдық тәуелділікке ие. Авторлар студенттерді кәсіби іс-әрекетке даярлаудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін ғылыми зерттеу жұмыстарын талдау арқылы сипаттайды. Негізгі зерттеу әдістері ретінде эксперимент пен зерттеу құралдары алынды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей студенттердің кәсіби іс-әрекетке даярлау мәселесі күрделі кешенді білім беру және динамикалық құрылыммен дәлелденген. Алынған мәліметтер бойынша кәсіби іс-әрекетке даярлығының дамуы секірмелі дамиды, сапалы өзгерістер үшінші және төртінші курстарда жүреді, оның ішінде төртінші курста ең маңызды тұлғалық сапалар білім беру саласында жұмыс істейтін мамандардың профиліне сәйкес келеді және де білім, іскерлік, дағдылары практикаға бағытталған оқыту оның кәсіби даярлығын қалыптастырады.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 12331, № 3, С. 220-229
Язык
Казахский
ISSN
2518-7937 · 2663-516X
Издатель
Buketov Karaganda State University