Дуальды оқытуда AR қолданудың халықаралық тәжірибесі және оны Қазақстанда бейімдеу мүмкіндіктері
Мақалада техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде (ТжКББ) дуальды оқытуды жетілдіру құралы ретінде толықтырылған шындық (AR) технологияларын қолданудың халықаралық тәжірибесі және оның Қазақстан жағдайында бейімделу мүмкіндіктері қарастырылған. 2020–2025 жылдар аралығындағы ғылыми публикациялар, халықаралық жобалар мен тәжірибе зерттеулер негізінде AR-технологияларының тиімділігі, педагогикалық әлеуеті, симуляциялық оқытудың артықшылықтары және өндірістік дағдыларды қалыптастырудағы рөлі жүйелі талданды. Жұмыс PRISMA әдіснамасы бойынша орындалған жүйелі шолу мен салыстырмалы талдау әдістеріне сүйенеді. Зерттеу нәтижелері AR технологиялары дуальды оқытуды визуалды, интерактивті және қауіпсіз тәжірибеге бағытталған форматта ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін, білім алушылардың кәсіби мотивациясын арттырып, тәжірибелік дағдыларды меңгеру тиімділігін едәуір күшейтетінін көрсетті. Германия, Түркия, Эстония, Қытай, АҚШ сияқты елдердің тәжірибесі AR-дың өндірістік процестерді модельдеуде, еңбек қауіпсіздігін оқытуда және күрделі кәсіби тапсырмаларды симуляциялауда жоғары нәтижелер беретінін дәлелдейді. Қазақстанда мұндай технологияларды енгізуге институционалдық алғышарттар бар болғанымен, инфрақұрылым, педагогтердің цифрлық құзыреттілігі және кәсіпорындармен өзара ықпалдастық деңгейінде шектеулер байқалады. Зерттеу барысында Қазақстандағы дуальды оқытуда AR-технологияларын интеграциялауға арналған педагогикалық және технологиялық модель ұсынылды. Модель мотивациялық, мазмұндық және ақпараттық-технологиялық компоненттерді қамтиды және заманауи цифрлық құралдар арқылы кәсіби құзыреттерді дамытуға бағытталған. Жалпы қорытынды AR-технологиялары дуальды оқытуды жаңғыртудың стратегиялық бағыты болып табылатынын, адами капиталдың сапасын арттыруға ықпал ететінін және Қазақстандағы ТжКББ жүйесін инновациялық деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін көрсетеді.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · Т. 12130, № 1, С. 201-221
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2518-7937 · 2663-516X
- Издатель
- Buketov Karaganda State University