Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2025, т. 11730, № 1, с. 124-135
Қазақ поэзиясындағы орнитологиялық образдар генезисі
Аннотация · Abstract
Бұл мақалада қазақ поэзиясындағы орнитологиялық образдардың генезисі қарастырылған. Құстар бейнесінің мифологиялық түп-тамырынан бастап, оның қазақ халқының көшпелі тұрмыс-тіршілігімен және ұлттық дүниетаныммен байланысы жан-жақты зерттелген. Зерттеуде Мұқағали Мақатаев, Махамбет Өтемісұлы, Тұманбай Молдағалиев және Есенғали Раушанов шығармаларындағы орнитологиялық образдардың символдық және мағыналық ерекшеліктері талданған. Негізгі мақсат — қазақ әдебиетінде құстардың рухани және философиялық маңызын ашып, олардың ұлттық мәдениеттегі рөлін айқындау. Зерттеу барысында семантикалық, салыстырмалы-тарихи, әдеби және символдық талдау әдістері қолданылған. Нәтижесінде, орнитологиялық образдардың қазақ поэзиясындағы көркемдік, философиялық және мәдени қызметі анықталып, олардың ұлттық дүниетанымдағы терең символикалық мәні ашылды. Мақала ұлттық әдебиеттегі құстар бейнесінің эволюциясын жүйелі түрде түсіндіруге үлес қосады.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2025ph1/124-135
- Журнал · Journal Bulletin of the Karaganda University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 3