Bulletin of the Karaganda University Pedagogy series, 2025, т. 11830, № 2, с. 40-53
Болашақ педагогтың өзін-өзі ұйымдастыру құзыреттерін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың ролі
Аннотация · Abstract
Мақалада болашақ педагогтың өзін-өзі ұйымдастыру құзыреттерін қалыптастыруда жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі — ЖЖОКБҰ) ұйымдастырылатын өзіндік жұмыстардың рөлі мен олардың өзара байланысы қарастырылған. Өзіндік жұмыстың ЖЖОКБҰ-дағы педагогикалық үдерістің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі ретінде және оның берер мүмкіндіктері сипатталған. Сонымен қатар, өзіндік жұмыстың дидактикалық мақсаты анықталып, оларды ұйымдастыру ерекшеліктері мен қолданылатын әдіс-тәсілдерге сипаттамалары берілген. Зерттеудің мәселелері болашақ педагог жеке басының өзін-өзі ұйымдастыруын қалыптастыру үдерісінің мәні мен рөлін анықтауда ашылады. Жұмыстың мақсаты — болашақ педагогтардың өзін-өзі ұйымдастыру құзыреттерін қалыптастыру үшін қажетті тиімді тәсілдер мен педагогикалық дағдыларды айқындауға негізделеді. Зерттеудің теориялық маңыздылығы — дұрыс және тиімді ұйымдастырылған өзіндік жұмыс болашақ педагогтың кәсіби қызметіне қажетті қасиеттердің, сонымен қатар өзін-өзі ұйымдастыру құзыреттерінің қалыптасуына тікелей ықпалын тигізетіні туралы мақалада сипатталған. Өзіндік жұмыстар аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарды ұйымдастыру төңірегінде қарастырылды. Болашақ педагогтарды даярлау барысында өзіндік жұмыс өзін-өзі ұйымдастыруға қажетті қасиеттері мен қабілеттерін, ақыл-ой еңбегі мәдениетін, жаңа білімді өздігінен игеру дағдыларын қалыптастыруға айтарлықтай әсер етеді. Осыған орай, зерттеу жұмысына болашақ педагог ретінде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ғылыми-педагогикалық бағытындағы магистратураның білім алушыларына сауалнама жүргізілді және олардың нәтижелері ұсынылды. Сауалнаманың нәтижелері магистранттар арасында оқу іс-әрекетінің өзін-өзі ұйымдастыру құзыреттерін қалыптастыруда оң динамиканы байқауға болады, демек бұл кәсіби құзыреттердің қалыптасуын көрсетеді.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2025ped2/40-53
- Журнал · Journal Bulletin of the Karaganda University Pedagogy series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0
- Лицензия · License creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/4.0