Болашақ шетел тілі мұғалімдерінің икемді дағдыларын қалыптастыру
Мақалада болашақ шетел тілі мұғалімдерінің икемді дағдыларын қалыптастыру қажеттілігі қарастырылған. Икемді дағдылар кез келген кәсіби маманның, сондай-ақ қазіргі заманда табысты болғысы келетін адамның маңызды құзыреттерінің бірі. Икемді дағдыларды қалыптастыру мәселесі бүгінде педагогикалық қоғамдастықта жиі кездеседі. Зерттеушілердің назары болашақ шетел тілді мамандардың икемді дағдыларын қалыптастыру мәселесін зерттеуге бағытталған. Бейінді университеттер білім алушыларының икемді дағдыларын қалыптастыруда әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың әлеуетін пайдалану мәселелері талқыланады. Авторлар әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістері бар қазіргі жоғары оқу орындарының түлектеріне көбірек талаптар қойылатындығын анықтаған. Олар тек білімге ғана емес, сонымен қатар өзіндік дамуы мен жалпы тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті дағдыларға ие болуы керек. Сондықтан, білім алушының оқу іс-әрекеті процесінде икемді дағдыларды қалыптастыруға ықпал ету маңызды. Икемді дағдылар қоғамның заманауи бәсекеге қабілетті, болашақ шетел тілі мұғалімінің әмбебап және жалпы мәдени құзыреттерін дамытады. Сондықтан бүгінгі таңда көптеген зерттеушілер білім алушының икемді дағдыларды қалыптастыру және дамыту мәселесімен белсенді айналысады. Бейіндік пәндерді оқыту практикасында болашақ шетел тілі мұғалімдерінде кәсіби дағдылар (hard skills) деп аталатын жалпы кәсіптік және тар кәсіптік құзыреттерді қалыптастыру мен дамыту үрдісі байқалады. Бұл құбылыс ішінара бейінді жоғары оқу орындарында оқытушыларының кәсіби-педагогикалық білімінің жеткіліксіздігімен түсіндіріледі. Педагогикалық бағыттар бойынша оқытушылардың біліктілігін арттыру бағдарламалары анықталған проблеманы шешуге көмектеседі.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 11730, № 1, С. 30-37
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2518-7937 · 2663-516X
- Издатель
- Buketov Karaganda State University