Central AsianResearch Index

Ерекше қажеттілігі бар студенттерді ЖОО-да оқуға бейімдеу кезеңінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу моделі

Бүгінгі таңда еліміздегі жоғары оқу орындарында ерекше қажеттілігі бар студенттер санының артуына байланысты университетке бейімдеу, оларға қолайлы орта қалыптастыру мәселесі өте өзекті. Бұл мәселенің оңтайлы шешімі ретінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесінің маңызы ерекше. Білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу моделі психологиялық қолдау көрсету, ассистент, тьютор қызметтерін ұсыну, қолайлы оқу ортасын құру, бейімдеу және студенттер қауымдастығына интеграциялау бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырады. Жүйелі психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттердің оқу үлгерімін арттыруға және психологиялық әл-ауқатын жақсартуға ықпал ететінін көрсетеді. Мақаланың мақсаты — ерекше қажеттілігі бар білім алушылардың қажеттілігі негізінде олардың жоғары оқу орындарында бейімделуінің психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу моделін әзірлеу. Кешенді сүйемелдеу бағдарламасын енгізу инклюзивті білім беру ортасын құруға мүмкіндік береді, онда әрбір студент өз әлеуетін іске асырып, жоғары білім беру жағдайларына сәтті бейімделе алады. Сонымен қатар батыс елдеріндегі ерекше қажеттілігі бар білім алушыларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің заманауи тиімді тәсілдеріне салыстырмалы талдау жасалады. Бейімдеу процесі ерекше қажеттілігі бар студенттердің университет өміріне толық қатысуы, әлеуметтенуі, оқытушылар мен басқа да білім алушылармен жақсы қарым-қатынас орната алуына мүмкіндік береді. Мақаланы жазуда ғылыми зерттеудің эмпирикалық (диагностика, сауалнама) және теориялық (талдау, модельдеу) әдістері қолданылған. Мақалада педагог ерекше қажеттілігі бар студентерді университетке бейімдеудің психологиялық-педагогикалық сүйемелеуде моделі әзірленіп, ұсынылды.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 11730, № 1, С. 150-159
Язык
Казахский
ISSN
2518-7937 · 2663-516X
Издатель
Buketov Karaganda State University