Central AsianResearch Index

Аутист балалардың әлеуметтік медиа контексінде кибербуллингке ұшырауының алдын-алу жолдарын қарастыру

Мақалада аутистік спектрі бұзылған балалар арасындағы кибербуллинг құбылысына терең талдау жасалған, бұл ата-аналардың оны тану күрделілігімен қиындады. Мақаланың мақсаты ― әлеуметтік желіде аутистік спектрі бұзылған балалар арасындағы кибербуллинг құбылысын зерттеу және сипаттау. Жүргізілген талдауларға сүйене отырып, аутизмі бар балаларға арналған кибербуллингтің ерекшеліктерін, себептері мен салдарын анықтау. Зерттеу 14 жасар сурет салумен қызығатын Бақтиярдың және видео-ойын жағдайында өзге ойыншы тарапынан кибербуллинге ұшыраған 15 жасар жасөспірімнің кейс-стадилеріне негізделген. Сонымен қатар балалардың шығармашылық белсенділігі мен эмоционалды жағдайындағы өзгерістердің динамикасын ашады. Зерттеу нәтижелері кибербуллингпен күресу және аутист жасөспірімдердің шығармашылық қызығушылықтарын қолдау үшін тиімді ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді. Мақала проблеманы ерекше жағдай ретінде қарастырады, нейро-өзгеше балалардың кибербуллингті тануының қиындықтарын атап көрсетеді және белгілі бір топ үшін хабардарлықты арттыру және виртуалды кеңістікті қорғау шараларын ұсынады. Аутистік спектрі бұзылған балалар арасында кибербуллингтің алдын алу бойынша ұсыныстар берілген. Интернеттегі цифрлық сауаттылық пен қауіпсіздікті үйретуге, әлеуметтік дағдылар мен эмпатияны дамытуға, ата-аналардың белсенді қатысуына және мектептермен ынтымақтастыққа баса назар аударылған. Аутист балалар мен олардың ата-аналарына құпиялылық ережелерін үйрету және кибербуллингті тану оларды қорғауға ықпал етеді. Эмпатия мен әлеуметтік дағдыларды дамыту бағдарламалары балалардың онлайн ортадағы өзара әрекеттесуін жақсартуға көмектеседі. Кибербуллингке қарсы мектеп бағдарламалары хабардарлықты арттырады және инклюзивті орта жасайды. Зерттеу интернеттегі аутистік спектрі бұзылған (АСБ) балалардың қауіпсіздігіне жүйелі көзқарастың қажеттілігін көрсетеді.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 11730, № 1, С. 124-131
Язык
Казахский
ISSN
2518-7937 · 2663-516X
Издатель
Buketov Karaganda State University