Үздіксіз білім беру контексіндегі жаппай ашық онлайн курстар мәселесі
Мақала заманауи талаптарды ескере отырып, жаппай ашық онлайн-курстарды (ЖАОК) жоғары білім беру жүйесіне біріктірудің өзекті мәселелеріне арналған. Технологиялардың қарқынды дамуы және білім алушылардың үнемі өзгеріп отыратын сұраныстары жағдайында жоғары оқу орындары ЖАОК-ты білім беру процесіне біріктірудің тиімді жолдарын іздеуге мәжбүр. Авторлар үздіксіз білім беру ұғымының тұжырымдамалық негіздері мен анықтамасына тоқталған. Қоғамды трансформациялау және цифрландыру контексінде мақала қашықтықтан оқытудың жаңа технологиялары мен әдістерін енгізу қажеттілігін көрсетеді. Үздіксіз білім беру шеңберінде оқытудың перспективалы модельдерінің бірі ретінде жаппай ашық онлайн-курстарды (ЖАОК) құрылымдауға және қолдануға ерекше назар аударылған. ЖАОК-тың әртүрлі аспектілерін және олардың студенттердің дағдылары мен мотивациясын дамытуға әсері зерделенген. Мақалада білім алушылардың сауалнамасының нәтижелері келтірілген, жоғары оқу орындарында ЖАОК құрылымдық қолданудың негізгі теориялық ережелері анықталып, оларды оқытуда қолданудың артықшылықтары көрсетілген. Сондай-ақ, білім алушылардың бағдарламаны табысты меңгеруіне кедергі келтіретін кемшіліктер де қарастырылған. ЖАОК платформаларымен ынтымақтастыққа негізделген интеграциялық стратегияларға, жеке онлайн курстар құруға және оқу процесінде студенттерді қолдауға көңіл бөлінген. Мақала авторлары үздіксіз білім беру талаптарын ескере отырып, ЖАОК-тың жоғары білім беру жүйесіне интеграциясын одан әрі дамыту перспективаларын талқылайды, бұл тақырыптың заманауи білім беру қиындықтары контекстіндегі маңыздылығын атап көрсетеді. Білім берудің цифрлық трансформациясы ЖОО-да ЖАОК қолдану әлеуетін арттыруға ықпал етеді және оқу процесін тиімдірек етуге мүмкіндік береді деген қорытынды жасалған.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 11730, № 1, С. 116-123
- Язык
- Казахский
- Цитирований
- 1
- ISSN
- 2518-7937 · 2663-516X
- Издатель
- Buketov Karaganda State University