Орталық Қазақстанның шағын аймақтарына табиғи-антропогендік факторларының әсері (Ақтоғай мысалында) The impact of natural and anthropogenic factors on small areas of Central Kazakhstan (on the
География ғылымында қоршаған ортаның табиғатын бағдарлау және де сол жерлердің экологиясын жақсарту аса маңызды және күрделі мәселе. Қазіргі кезде ауылдық жерлердің табиғаты әр түрлі өзгерістерді басынан кешіруде. Осыған байланысты мемлекет соңғы жылдары ауылды жерлердің көркеюіне ерекше көңіл бөлуде. Ауылдық жерлердің табиғатын, экологиясын жақсарту әр мемлекеттің өзіндік міндеттері. Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) негізінен экологиялық жағынан ластанған аймаққа жатады. Себебі халық денсаулығына кері әсер ететін басты факторларға Семей полигоны, уран рудниктерінің және Байқоңыр зымырандарының космостық пен баллистикалық жолдарының ашылуы жатады. Осы факторлар Ақтоғай ауданының өсімдіктеріне, жануарларына, өзен суларына, аумақтық жерлеріне де кері әсер етеді. Қазір Ақтоғай жерінің суы, топырағы, өсімдіктері және жан-жануарлары көптеген өзгеріске түскен. Ауданда тоғай өте үлкен көлемде болатын, бірақ қазір ол тоғай айтарлықтай дәрежеде өзгерген. Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 11730, № 1, С. 162-167
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2518-7201 · 2663-5003 · 3080-6836 · 3080-6844
- Издатель
- Buketov Karaganda State University