Нарықтық экономикадағы Қазақстан қара металлургия өнеркәсібінің даму мүмкіндіктері
Мақалада еліміздің экономикасындағы басты шаруашылық салаларының бірі болып саналатын қара металлургия өнеркәсібі өндіріс орындарының орналасуы мен дамуы, базасының деңгейі, ғылыми және технологиялық инфрақұрылымы, өсу қарқыны т.б. параметрлеріне ғылыми баға беру қарастырылған. Қара металлургия машина жасау өнеркәсібінің шикізаттық іргесін қалайтын сала болып есептеледі. Оның құрамына темір, хромит, марганец рудаларын өндіру, байыту мен агломерация, шойын қорыту, болат балқыту, прокат дайындау, қара металдарды екінші рет қайта қорыту; көмірді кокстеу; отқа төзімді қосымша материалдар, флюстік ізбес, отқа төзімді балшық, темірге хром, марганец қосу арқылы әртүрлі қасиеті бар ферробалқытпа және металлургиялық бұйымдар шығару кіреді. Мақаланың мақсаты Қазақстан қара металлургия өнеркәсібі дамуының кезеңдік және қазіргі даму тенденцияларын экономикалық географиялық зерттеу әдістері арқылы анықтау. Мысалы, Американдық зерттеу орталығының (SJE Austin Associates Ins (JAA)) тұжырымдары бойынша Қазақстан шаруашылық салаларының ішінде экономикалық потенциалы жоғары 20 салада бәсекелестікке төтеп бере алады деп қорытынды шығарылған, солардың ішінде қара металлургия өнеркәсібі бар. Сондықтан осы саланың қазіргі дамуын ғылыми зерттеу тұрғысынан ашып көрсету алға қойған міндеттерді жүзеге асыруға өз септігін тигізеді.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 11730, № 1, С. 135-146
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2518-7201 · 2663-5003 · 3080-6836 · 3080-6844
- Издатель
- Buketov Karaganda State University