Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2024, т. 11529, № 3, с. 6-13
Терминжасам үрдісіндегі будан терминдер мәселесі
Аннотация · Abstract
Мақаланың мақсаты қазіргі қазақ тілінің терминжасам үрдісіндегі будан терминдердің лингвистикалық ерекшеліктерін қарастыру, сипаттау және олардың пайда болу ерекшеліктерін, сөзжасамдық құрамын талдау. Сондай-ақ мақалада шет тілдік бірліктер негізінде қалыптасқан терминдердің бастапқы лексика-грамматикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оларды қазіргі қазақ тілінің нормаларына сәйкес ресімдеу принциптері талданды. Зерттеу материалы ретінде Қазақстан Республикасында бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ тарихи-мәдени, қоғамдық-әлеуметтік, экономикалық, саяси және басқа да маңызды салаларда, ғылым мен техникада белсенді қолданылатын будан терминдер алынды. Зерттеу барысында терминдерге қатысты талдау, синтез, интерпретация, жалпылау және абстракциялау амал-тәсілдері және қолданылған негізгі ұғымдарды ашу мақсатында теориялық түсіндіру, сипаттау тәсілдері қолданыс тапты. Жұмыс нәтижесінде тілдегі будан терминдердің құрамы талданып, олардың пайыздық көрсеткіші берілді.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2024ph3/6-13
- Журнал · Journal Bulletin of the Karaganda University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0