Central Asian Research Index

Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2024, т. 11429, № 2, с. 88-95

Қазақстандағы саны аз және жойылу қаупі бар түркі тілдеріне жүргізілген социолингвистикалық зерттеу нәтижелері

M. Конкал, Н.Г. Шаймердинова

Аннотация · Abstract

Мақалада Қазақстан аумағындағы саны аз және жойылып бара жатқан түркі тілдес халықтардың ана тілін қолдану деңгейі мен ұрпақтан-ұрпаққа берілуі мәселесі қарастырылады. Мақаланың мақсаты түркі тілдес ұлт өкілдерінің ана тілін әлеуметтік ортада қолдануы мен тілдерді дамыту мәселесін қарастыру. Зерттеу барысында Қазақстандағы саны аз және жойылу қаупіндегі түркі тілдес этностар арасында социолингвисткалық сауалнама жүргіліп, нәтижелері ұсынылды. Зерттеу нәтижелері ұлт өкілдерінің жасы, жынысы және ана тілін қолдану аясына, салт-дәстүрлерінің сақталу деңгейіне негізделеді. Тілдердің жойылу себептеріне әкелетін және қолданылу аясын тарылтатын әртүрлі факторлар келтіріледі. Сонымен бірге мақалада этностар арсында жүргізіліп отырған сауалнама нәтижелері егжей-тегжейлі талданады.

Сведения · Details