Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2024, т. 11429, № 2, с. 78-87
Қазақтың құсбегілік лексикасы
Аннотация · Abstract
Мақалада құсбегілік кәсібінде пайдаланатын жыртқыш құс атауларына қатысты сөздердің тура және ауыс мағынадағы қолданысы, олардың жасалу жолдары сөз болған. Тілімізде жыртқыш құстарды қолға үйретуден қалыптасқан, орныққан тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер, эпитет, теңеулер жеткілікті. Жыртқыш құс атауларына қатысты мақал-мәтелдердің тақырыптық жағынан жіктелуі, олардың көбіне елдік, ерлік, бірлік, ар-ұят мәселесіне қатысты болып келетіндігі көрсетіледі. Фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек ретінде келетін тұрақты тіркестердің тіліміздегі қолданысы, олардың құрылымдық ерекшеліктері, сөздік қорымызды байытудағы орны сөз етіледі. Бұған қоса жыртқыш құс атауларына қатысты сөздердің тілдік нормаға айналып, бір жүйеге келіп орнығуы, қыран құстардың символдық қасиетке ие болып, авторлық қолданыстан орын алуы, стильдікқызметі, қолданылу аясы бастапқы кезде тура мағынадан немесе белгілі бір авторлық қолданыстан туып, уақыт өте келе түрлі тілдік амал-тәсілдермен ауыс мағынада қолданылуы, грамматикалық жағынан тұрақталып, сөйлеуші тілінің көркемдегіш құралына айналып отыруы баяндалады. Көркем шығарма мысалдары арқылы қандай мақсатта қолданылып тұрғандығы көрсетіледі.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2024ph2/78-87
- Журнал · Journal Bulletin of the Karaganda University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0