Central Asian Research Index

Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2024, т. 11429, № 2, с. 6-20

Қазақ және түрік тілдеріндегі жалғаулықтар

Б. Жүнісова

Аннотация · Abstract

Жалғаулықтар тілде көмекші сөздер қатарынан орын алатын сөздер тобына жатады. Жалғаулықтардың өз алдына нақты дербес лексикалық мағынасы болмағанымен, сөйлемде белгілі бір грамматикалық мағынаға ие болып, сөздерді, сөз тіркестерін және сөйлемдерді бір-бірімен байланыстырып отырады. Осылайша сөз бен сөйлем арасындағы мағыналық қатынасты сақтай отырып айтылымның жігін сақтап, жүйелі түрде жеткізуге өзіндік үлес қосады. Демек, жалғаулық шылаулар ― сөйлемдегі бірнеше сөзді, сөз тіркесін және сөйлемдерді бір-бірімен селбестіріп, олардың арасында түрлі деңгейде байланыс орнататын грамматикалық сөздер. Бұл тұрғыдан алғанда, жалғаулықтар түркі тілдері синтаксисінің коммуникативтік мүмкіндігін арттырады. Бір сөзбен немесе бір сөйлеммен жеткізуге келмейтін ойлар жалғаулықтар арқылы күрделене әрі жүйелене түседі, эстетикалық бір әңгімеге айналады. Мақалада жалғаулық шылаулар қазақ және түрік тілдерінде жарық көрген грамматикалық кітаптар мен көркем мәтіндер негізінде анықталып, олардың құрылымы, мағыналық тобы мен атқаратын қызметтері айқындалған. Қазақ және түрік тілдеріндегі жалғаулық шылаулардың өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтары сөз болады. Осы тұрғыда қазақ және түрік тіліндегі жалғаулықтардың құрылымы мен қызметінің жіктелуі егжей-тегжейлі қарастырылады. Осылайшақазақ және түрік тілдеріндегі жалғаулықтардың зерттелуіне өзіндік үлес қосады деген ойдамыз.

Сведения · Details