Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2024, т. 11429, № 2, с. 115-127
«Йана» тұлғасының қазіргі сипаты мен қызметі
Аннотация · Abstract
Қазақ тіл білімінде жалғаулықтардың грамматикалық қызметін зерттеу профессор Р.Әміровтен басталып, онан беріде бірнеше диссертация қорғалды. Алайда жалғаулықтардың грамматикалық табиғаты түгелдей анықталып болды деуге әлі ертерек. Мәселен, бір ғана «және» тұлғасының өзіне қатысты қаншама түйткілді мәселе бар. Бұған, біріншіден, «және» тұлғасының грамматикалық функциясының уақыт өте келе кеңеюі ықпал етсе, екінші жағынан, жалғаулықтар лингвистикалық табиғатының күні бүгінге дейін зерттеліп бітпегені себеп болып отыр. Мақалада «және» тұлғасының грамматикалық ерекшелігі «тағы» және «қайта» тұлғаларымен салыстырыла қаралады. Өйткені бұл тұлғалардың өзара квазисиноним болатын мүмкіндігі бар. Мұның себебі ең әуелі тарихи даму процесімен байланысты. Сондықтан ертедегі «йана», қазіргі «және» тұлғасының тарихи даму сатысына орай транспозициялануын арнайы зерттеу қажеттігі туындайды. Нәтижесінде «және» тұлғасының грамматикалық функциясы ғылым талабына орай мүлде жаңаша көзқараста сипатталып отыр. Атап айтқанда, бүгінде жалғаулық ретінде ғана танылып жүрген «және» тұлғасының этимологиясы сараланып, сөйлемде үстеу де, демеулік те болатыны мәлім болды. Грамматикалық мағынасын анықтау критерийлері ұсынылды. Бұл кезге дейін түсініксіз болып келген сипаттарының сыры ашылды. Сондай-ақ грамматика теорияларында кездесе бермейтін функциясы жөнінде баяндалды. Мақалада жасалған тұжырымдар түркология және қазақ тіл білімінің өзекті мәселелерін зерттейтін магистранттар мен докторанттарға ғылыми материал болады.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2024ph2/115-127
- Журнал · Journal Bulletin of the Karaganda University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 1