Central AsianResearch Index

Ақын Б. Халиолла лирикасының тақырыптық-идеялық және поэтикалық негіздері

Мақалада ақын Бауыржан Халиолланың жазба поэзиясының тақырыптық-идеялық ізденістері мен поэтикалық қуаты, суреттеу шеберлігі, жеке дара қолтаңбасы талдау нысанына алынған. Ақынның шығармашылық ғұмырнамасына тоқталып, ұлттық, азаматтық көзқарастарын білдірудегі бейнелеу құралдары, лирикалық қаһарманның ішкі жандүниесі қарастырылған. Тәуелсіздік жылдарынан кейінгі қоғамның дертті мәселелері, ар мен адамгершілік, жалпыадамзаттық құндылық атаулыға қатысты ақынның өзіндік көзқарастары тұжырымдалған. Ақынның әдебиеттегі алғашқы қадамынан бастап, бүгін жеткен биігіндегі ақындық кеңістігіне шолу жасалған. Б. Халиолла өлеңдеріндегі эпитет, метафора, теңеу, инверсия, контрастты құбылыстарды салыстыру, кейіптеу, т.б. көріктеуші құралдар мен риторикалық қайталаулар мен айшықтау тәрізді тәсілдердің қолданыс ерекшелігі, үндесімі, өмір мен өлім туралы фәлсафалық ойлары сараланады. Табиғат пен адамның ішкі сезімін шендестіре суреттеудегі ақынның өзіндік өрнектері мәтіндік талдаулар арқылы жеткізілген.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 11329, № 1, С. 128-136
Язык
Казахский
ISSN
2518-198X · 2663-5127
Издатель
Buketov Karaganda State University