Bulletin of the Karaganda University Pedagogy series, 2024, т. 11629, № 4, с. 53-60
Бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген мотивациясын арттыруда арт-терапияның ықпалы
Аннотация · Abstract
Қазіргі білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген мотивациясын арттыру әдістерін жетілдіру маңызды мәселеге айналып отыр. Олай болса, зерттеу барысында бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген мотивациясын арттыруда арт-терапияның ықпалын қарастыратын боламыз. Мотивация мен арт-терапия ұғымдарының өзара байланысы мен бірі-біріне ықпалын зерделеу. Зерттеудің басты мақсаты — бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген мотивациясын арттыруда арт-терапияның ықпалын теориялық тұрғыдан негіздеу мақсатында эксперименталды түрде зерттеу. Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген мотивациясын арттыруға бағытталған арт-терапия сабақтарының кешенін әзірлеу және сынақтан өткізу. Тәжірибелік экспериментке бастауыш сынып оқушыларынан 40 оқушы қатысты. Зерттеуге қатысқандардың 20 оқушысы эксперименттік топты құрады. Сонымен қатар бұл бастауыш сынып оқушылары оқуға деген мотивацияларын арттыру мақсатында арт-терапия бойынша сабақтар кешенін іске асырды. Ал қалған 20 оқушы бақылау тобына кірді және әзірленген сабақтар кешеніне қатыспады. Зерттеу жұмысы үш кезеңнен тұрды. Анықтау кезеңінде — бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген мотивациясының бастапқы деңгейі анықталды. Қалыптастырушы кезеңде — бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген мотивациясын арттыру және оның тиімділігін бағалау үшін арт-терапия бойынша сабақтар кешені әзірленіп және жүзеге асырылды. Бақылау кезеңінде — бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген мотивацияны арттыру деңгейінің динамикасы зерттелініп және арт-терапия арқылы сабақтар кешенінің тиімділігі тексерілді.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2024ped4/53-60
- Журнал · Journal Bulletin of the Karaganda University Pedagogy series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0