Central AsianResearch Index

Дизайн ойлау — оқушыларды математика оқу процесіне тарту құралы

Қазіргі жаһандану жағдайында сапалы білім алу үшін шығармашылық және бейімделгіш ойлау қабілеттерін дамыту маңызды рөл атқарады. Мақалада дизайн ойлау әдісінің XXI ғасырда оқушылардың дамуына, белгісіздікке икемделуіне және қоғамға оң ықпал жасауға қажетті дағдыларды қалыптастырудағы маңыздылығы қарастырылған. Дизайн ойлау әдісі, білім беру жүйесінде қолданылу барысында оқушылардың оқу процесіне белсене қатысуын қамтамасыз етумен қатар, алған білімді практикалық тұрғыда қолдануды жеңілдететін тиімді құрал ретінде көрсетіледі. Математика мен геометрия секілді пәндерге дизайн ойлауды енгізу арқылы, оқушылардың сыни ойлау, проблемаларды шешу және оқу процесіне белсенді араласу қабілеттерін дамыту мүмкіндіктері зерттелген. Бұл әдіс оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. Авторлар дизайн ойлау арқылы абстрактілі математикалық ұғымдар мен олардың нақты өмірдегі қолдану аясы арасындағы алшақтықты жоюға ықпал ететін тәсілдерді талдайды. Сонымен қатар эмпатия қағидасына ерекше назар аударылады, себебі ол оқушыларды басқалардың қажеттіліктерін түсініп, оларды есепке ала отырып, әрекет етуге бағыттайды. Осыған байланысты, дизайн ойлауды қолдана отырып, оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталған шаралар ұсынылған. 5-6 сынып оқушыларына арналған математикалық білім беру барысында дизайн ойлау қадамдарын қолданудың нақты мысалдары келтірілген. Оларға жай бөлшектер, кеңістік фигуралары және олардың жазбалары сияқты тақырыптарды түсіндіруде қолданылатын әдістер, технологияларды интеграциялау жатады. Зерттеу нәтижелері дизайн ойлау әдісінің оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттырудағы, білімді практикалық тұрғыда қолданудағы тиімділігін көрсетеді.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 11629, № 4, С. 186-194
Язык
Казахский
Цитирований
1
ISSN
2518-7937 · 2663-516X
Издатель
Buketov Karaganda State University