Central AsianResearch Index

Steam технологиялары бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың құралы ретінде

Қазіргі білім беру процесін STEAM жағдайында ұйымдастыру мәселесі өзекті зерттеулердің бірі болып табылады. Зерттеудің өзектілігін айқындауда Білім туралы Заң мен Ұлттық білім академиясының ұсынған әдістемелік ұсынымдарында қарастырылған интеграцияланған білім беру бағдарламалары, шығармашылықты қамтитын пәнаралық байланысқа негізделген мәселе талданды. Сонымен қатар, «шығармашылық іс-әрекет», «STEAM білім беру» ұғымдарын зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулеріне шолу жасап, «STEAM технологиясы арқылы шығармашылық іс-әрекет» ұғымына авторлық анықтама ұсынылды. Мақаланың мақсаты — STEAM технологияларын бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың құралы ретінде қарастыру. Тәжірибелік-эксперименттік зерттеуге № 49 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларының арасынан таңдап алынды. Іріктеу сыныбына 2 «А» және 2 «Б» сынып оқушылары алынды. Екі сыныптың бірі — бақылау сыныбы (2 «А»), екіншісі — тәжірибелік сынып (2 «Б»). Сондай-ақ, тәжірибелік-экспериментке қатысқан оқушылардың демографиялық сипаттамасы ұсынылды. Зерттеудің анықтау кезеңінде «Шығармашылықтың өзін-өзі бағалауы» атты диагностикалық әдістеме жүргізілді. Қалыптастыру кезеңінде І және ІІ тоқсан аралығында STEAM білім беру жағдайында шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыруға бағытталған сабақтан тыс жұмыстар жоба («Қағаздың сыры», «Ұшақ жасау», «Жасанды және табиғи заттардан бұйым жасау», «Ғарыш кемесі» және т.б.) түрінде ұйымдастырылды. Зерттеу нәтижесінде тәжірибелік[1]эксперименттік жұмыстың бақылау кезеңіндегі көрсеткіштері қалыптастыру кезеңінде ұйымдастырылған жұмыстардың нәтижелі болғандығын көрсетті. Демек, жоба түрінде ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстардың тиімділігі дәлелденді деуге негіз бар.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 11529, № 3, С. 158-167
Язык
Казахский
ISSN
2518-7937 · 2663-516X
Издатель
Buketov Karaganda State University