Central Asian Research Index

Bulletin of the Karaganda University Pedagogy series, 2024, т. 11529, № 3, с. 110-121

Болашақ педагогтердің өзін-өзі оқыту дағдыларын қалыптастыру: білім беруде жетістікке жетудің стратегиясы

М.К. Ельшина

Аннотация · Abstract

Берілген мақала болашақ педагогтердің өзін-өзі оқыту дағдыларын қалыптастыру мәселесін қарастырады. Авторлар заман дамуының қазіргі жағдайында әр адамның өзін-өзі оқыту дағдыларын қалыптастыру қажеттілігін ашады. Зерттеу мәселесі негізделеді, зерттеудің мақсаттары мен міндеттері айқындалады, қоғамның бүгінгі өзгермелі, серпінді дамып келе жатқан жағдайларына икемді, тәуелсіз болуға және тез бейімделуге мүмкіндік беретін өзін-өзі оқыту дағдыларының мәні ашылады. Мақалада болашақ педгогтердің өзін-өзі оқыту дағдыларын қалыптастыру мәселесі бойынша ғалымдардың ғылыми еңбектерін кешенді талдау, «өзін-өзі оқыту», «өзін-өзі оқыту дағдылары» ұғымдарын жан-жақты талдау ұсынылған. Өзін-өзі оқыту дағдыларын жұмсақ дағдылар санатына жатқызуға болады, олардың қалыптасуы мен дамуы студенттерге жоғары оқу орнында оқу процесін тиімді құруға, жеке оқу стилін қалыптастыруға ықпал етеді. Сондай-ақ, өзін-өзі оқытудың негізгі белгілері мен құрылымдық компоненттері қарастырылған. Мақалада Д.Р. Гариссонның (D.R. Garisson) өзін-өзі оқыту моделі талданды және өзін-өзі оқыту жүйесінің үш өзара байланысты элементі сипатталды: өзін-өзі басқару, өзін-өзі бақылау, мотивация. Өзін-өзі оқыту процесін ынталандыруға және қолдауға әсер ететін мотивациялық факторлар (танымдық, кәсіби, шығармашылық жұмыс, өзін[1]өзі тану, өзін-өзі жүзеге асыру, ынталандыру мотивтері) талданды. Мақалада болашақ педагогтардың өзін-өзі оқытуға дайындық деңгейін анықтау бойынша зерттеу жұмысының нәтижелері келтірілген. Осы мақсатта авторлар L.M. Guglielmino ұсынған «Өзін-өзі оқытуға дайындық шкаласы» (SDLRS) атты Лайкерт шкаласын қолдана отырып жасалған диагностикалық құралды сипаттады.

Сведения · Details