Bulletin of the Karaganda University Pedagogy series, 2024, т. 11329, № 1, с. 6-12
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыру
Аннотация · Abstract
Мақалада мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыру мәселесі қарастырылған. Адамгершілік тәрбие мәселесі бүгінгі күнге дейін өзекті және зерттеуде кең таралған мәселелердің бірі болды десек, онда бүгінгі қоғам дамуының қазіргі кезеңіндегі адамгершілік мәдениеті қалыптасқан жеке тұлғаға білім беру жүйесінде қойылатын әлеуметтік сұраныстарды және балаларды адамгершілік құндылықтар жүйесімен таныстыру қажеттілігін анықтайтын маңызды құндылықтардың бірі. Адамгершілік мәдениеттің қалыптасуы адамның адамгершілік жағынан өзін-өзі тәрбиелеу процесінің нәтижесі болып табылады. Авторлар әртүрлі психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі «адамгершілік мәдениет» түсінігіне берілген әртүрлі анықтамалар мен көзқарастарға талдау жасаған. В.А. Сластенин, И.Ф. Харламов және т.б. көптеген танымал психологтер мен педагогтер адамгершілік мәдениеттің мәнін жеке адамгершілік нормаларын, принциптерін, категорияларын, мұраттарын игеру және қабылдау деп түсінеді, сонымен бірге оның басқа адамдарға, өзіне, өзінің еңбегіне, табиғатқа деген белгілі бір қатынастарын білдіреді. Сондай-ақ, авторлар мектеп жасына дейінгі ересек кезеңін адамгершілік мәдениеттің қалыптасуына сезімтал кезеңі деп санайды. Ғалым В.А. Сухомлинскийдің пайымдауынша адамгершілік көзқарастардың өзгермейтін негізі балалық шақта пайда болады деп есептейді. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар адамгершілік талаптар мен ережелерді саналы түрде түсіне бастайды, өз әрекеттерінің салдарын болжай алады. Мақалада мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың адамгершілік мәдениетін зерттеу әдістемелері мен адамгершілік қасиеттердің даму деңгейлерінің көрсеткіштері анықталып, зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды тұжырымдар жасалды.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2024ped1/6-12
- Журнал · Journal Bulletin of the Karaganda University Pedagogy series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0