Central Asian Research Index

Bulletin of the Karaganda University “Law Series”, 2024, т. 11529, № 3, с. 27-38

Қазақстан Республикасында тұрақты мемлекеттік сатып алуды заңнамалық қамтамасыз етудің сұрақтары

А.А. Бухаева, Айтказин Е.М.

Аннотация · Abstract

Мақалада экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілерді ескере отырып, мемлекеттік қажеттіліктер үшін сатып алуды жүзеге асырудың немесе «тұрақты мемлекеттік сатып алудың» елімізде жұмыс істеуінің құқықтық негіздеріне шолу жасалған. Тұрақты мемлекеттік сатып алуларды қолдану бүкіл әлемде қарқын алуда. Соңғы онжылдықта көптеген мемлекеттер осы сатып алу түрлерін дамытуға итермелейтін заңдар қабылдады. Қазақстан бұл үрдістен қалыс қалмай, өз заңнамасын жетілдіру әрекеттерін жалғастыруда. Талқыланып жатқан мемлекеттік сатып алу саласындағы «бағытты өзгертуге» арналған заң жобасының жақсы ниетіне қарамастан, заңнамалық өзгерістердің іс жүзінде қалай жүзеге асатыны туралы бірнеше мәселелер түсініксіз қалып отыр. Қолданыстағы заңнама болса тұрақты мемлекеттік сатып алудың жекелеген құрамдас бөліктерін ғана қамтиды. Сол себепті, мемлекеттік сатып алу саласын реттейтін еліміздің заңнамасына тұрақты мемлекеттік сатып алу қағидаттарын пайдалану тұрғысынан шолу жасау арқылы оның іс жүзінде қолданылуына баға беру, сонымен қатар жалпы тұрақты мемлекеттік сатып алу концепциясын заңнамалық қамтамасыз ету мүмкіндіктерін зерттеу мақсатында мақала авторлар тобымен қолданыстағы заңнамаға талдау жүргізілген. Талқыланып жатқан жаңа заң жобасын ескере отырып аталған институттардың елімізде дамуына байланысты болжамдар жасалынған. Шет елдердегі сәтті тәжірибелерде қарастырылған. Мақала авторлары тұрақты мемлекеттік сатып алулар экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешудің маңызды құралы болып табылатындығын ескере келе, елімізде оны кеңінен қолдану маңызды қажеттілік деген тұжырым жасаған. Осы саланы дамыту мен заңнаманы жетілдіру үшін қажет шаралар ұсынылған.

Сведения · Details