Eurasian Journal of History, 2024, т. 11429, № 2, с. 7-18
Қазақстандағы гендерлік мәселелерді еңсеру мүмкіндіктері (тарихи аспект)
Аннотация · Abstract
Көтерілген мәселе Қазақстанның бүгінгі дамуы жағдайында өзекті, өйткені консервативтіұстанымдарға берік қазақ қоғамында гендерлік теңдікті орнату біршама қиындық туғызады. Алайдаелдің әлемдік қоғамдастыққа енуі, шет елдермен белсенді қарым-қатынас орнатуы қоғамдағыгендерлік теңгерімсіздікті одан әрі елемеу мүмкін емес екендігін көрсетті. Қазақстан 1995 жылыБейжіңде Біріккен Ұлттар Ұйымының ұйымдастыруымен өткен IV Әйелдер мәселелері жөніндегіДүниежүзілік конференцияға қатысқаннан кейін, елде гендерлік теңдікті орнату жоспары белсендітүрде жүзеге асырыла бастады. 1995 жылы еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев Отбасы,әйелдер және демографиялық саясат проблемалары жөніндегі кеңесті құрды. Республикадаәйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-қимылдар жоспары әзірленді. Қойылған міндеттержоспарлы түрде іске асырылып жатқанға қарамастан, кейбір қызмет салаларында гендерлік теңдік әліде қойылмаған. Бірақ бұл жағдай әйелдің қоғамдағы және отбасындағы орны мен рөлі туралы ұлттықстереотиптерге қайшы емес. Автордың ойынша, қазақтардың дүниетанымындағы осы стереотиптермемлекеттің қазақстандық қоғамда гендерлік теңгерімді орнату жөніндегі жоспарларын толық іскеасыруына кедергі келтіреді. Зерттеу барысында осы ойды түйіндеу үшін әр тарихи кезеңде әйелдердің қазақ қоғамындағы орнын анықтау, сипаттау, халық санасында әйелге деген көзқарастыңэволюциясын көрсету және оған әсер еткен факторларды анықтау міндеттері қойылды. Аталғанміндеттерді іске асыру арқылы бүгінгі Қазақстанда гендерлік мәселелердің шешілу мүмкіндіктерін және жолдарын анықтау мақсаты көзделді.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2024hph2/7-18
- Журнал · Journal Eurasian Journal of History
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0