Central Asian Research Index

Eurasian Journal of History, 2024, т. 11429, № 2, с. 135-142

Отандық зерттеушілердің еңбектеріндегі этникалық репатриация мәселелері

Жаксыгуль Ныгметова

Аннотация · Abstract

Мақалада 1991-2021 жылдар аралығындағы Қазақстандағы этникалық репатриацияның тарихнамалық аспектісі көрсетілген. Онда осы құбылыс бойынша бар зерттеулерге шолу жасалып, осы саладағы зерттеулердің негізгі тенденциялары мен бағыттары талданған. Автор осы тақырыптағы зерттеулердің Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі алғашқы еңбектерден қазіргі заманғы үрдістерге дейінгі эволюциясын талдайды. Бұл процесті түсіндіру үшін тарихшылар қолданатын негізгі теориялар мен концепциялар талқыланып, осы саладағы зерттеушілердің алдында тұрған негізгі мәселелер мен міндеттер айқындалды. Сонымен қатар зерттеушілер көтерген негізгі тақырыптар мен мәселелерге тоқталып, одан әрі зерттеу үшін өз қорытындысы мен ұсынысы берілген.

Сведения · Details