Central Asian Research Index

BUKETOV BUSINESS REVIEW, 2024, т. 11429, № 2, с. 138-148

Баламалы энергия көздері энергия шығынын азайтудың құрамдас бөлігі ретінде

Г.Ш. Қалиақпарова, Е.Е. Гриднева, Н.А. Аманкелді, Р.С. Парманова, К.Н. Бекетова

Аннотация · Abstract

Мақсаты: Әлемдік кеңістікте қолданылатын әртүрлі баламалы (жаңартылатын) энергия көздерін көрсету. Дәстүрлі энергия көздері қайтымсыз, олардан шығатын шығарындылар планетаның экологиясына едәуір әсер етеді. Баламалы энергия көздеріне келер болсақ олар табиғи түрде жаңартылады және де таусылмайды. Әдісі: Сипаттамалық әдіс — баламалы энергия көздерінің ашылуын, олардың әсерінің экономикалық аспектілерін зерттейді; аналитикалық әдіс — жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың тиімділігін көрсетеді; салыстыру әдісі — баламалы энергия көздерін енгізудің орындылығы мәселелерін зерттеуге көмектеседі. Қорытынды: Мақалада энергияның негізгі баламалы көздері көрсетілген, ықтимал экономикалық тәуекелдер және олардың экономикалық тұрақсыздыққа байланысты енгізу мен пайдалануға әсері, сонымен қатар олардың жалпы ел экономикасының дамуына әсер ету тиімділігі зерттелген. Тұжырымдама: Қолданыстағы баламалы энергия көздеріне жүргізілген талдау қолда бар артықшылықтарды сипаттауға мүмкіндік берді. Табиғи пайдалы қазбаларды пайдалану көлемінің төмендеуі, сондай-ақ оларға тәуелділіктің төмендеуі барлаудың және қосымша өндірудің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Жаңартылатын энергия субсидиялар, салықтық жеңілдіктер және инвестициялар сияқты қаржылық механизмдерге байланысты. Зерттеу барысында баламалы энергия көздерін шетелде қолдану мәселелері зерделенді. Жаңартылатын энергия көздерін қолданудың әлемдік тәжірибесі экономикалық тұрғыдан қолда бар энергия көздеріне маңызды баламалы (альтернативтік) шешім екенін атап өткіміз келеді.

Сведения · Details